Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:40

БАҚ: 2024 жылы Украинадағы соғыста 20 мыңнан астам ресейлік сарбаз қаза тапты

ресей сарбаздары
Фото: factor.am

Көз жұмғандардың саны бойынша Башқұрстан мен Татарстан бірінші орында. 2024 жылы осы республикалардың 2000-ға жуық азаматы соғыста қаза тапты.

«Медиазона» журналистері ВВС орыс қызметі және еріктілер тобымен бірге ашық дереккөздерге сүйене отырып, 2024 жылы Украинадағы соғыста 20 364 ресейлік әскери қызметкер қаза тапқанын хабарлады.

2024 жыл Ресей армиясы үшін Украинаға қарсы кең ауқымды соғыс кезіндегі ең қанды жыл болуы мүмкін. Журналистер 2022 жылы – 18 мың 983 адам, ал 2023 жылы – 33 мың 550 адам соғыста қаза тапқанын анықтады. Тағы 11 860 ресейлік сарбаздың дерегі беймәлім. 

«Некрологтардың көп болғаны сонша еріктілер келіп түскен ақпаратты сараптауға үлгермей жатыр», - делінген хабарламада.

Басылымның мәліметінше, 2024 жылы еріктілер арасындағы шығын саны бірінші орынға шыққан. 2022 жылы бірінші орынды әуе десанты әскерлері, 2023 жылы тұтқындар алды. Қыркүйек айында журналистер ауқымды соғыс басталғаннан бері алғаш рет еріктілер қаза тапқандардың саны басқа жауынгерлерден, әсіресе тұтқындар мен әскерге шақырылғандардан асып түскенін хабарлады.

Ресейлік сарбаздардың шығыны
Ресейлік сарбаздардың шығыны. Фото: zona.media\скриншот

Биыл шығын географиясы да өзгерді. Башқұртстан мен Татарстан бірінші орында – 2024 жылы соғыста осы республикалардың 2 мыңға жуық азаматы қаза тапты.

Журналистер 2022 жылдың 24 қаңтарынан бері жалпы 84 761 ресейлік әскери қызметкердің қаза тапқанын анықтады.

«Медиазона» және ВВС орыс қызметі еріктілер тобымен бірге БАҚ, мемлекеттік органдар немесе әлеуметтік желілердегі ақпарат арқылы қайтыс болған ресейліктердің есебін жүргізеді. Ресей үкіметі соғыстағы шығын туралы соңғы рет 2022 жылдың қыркүйегінде хабарлады. Сол кезде Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу 5937 адамның қаза тапқанын айтқан.