Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:40, 15 Мамыр 2025

Бақытжан Базарбек уранды жасырын сатып жүр ме?

Бақытжан Базарбек
Фото: ашық дереккөз

Жасанды интеллект туралы заң жобасын талқылау кезінде депутат Базарбек өзінің егізі туралы айтты. 

«Менің атыммен  Facebook-те аккаунт бар, ол менің даусыммен қазақстандықтарды уран өндірісіне инвестиция құюға шақырады. Барлығы өте қарапайым — ақшаңызды банк арқылы "Бақытжанға" жібересіз және уран өндірісінің бөлігін ала аласыз», — деп айтты шынайы Бакытжан Базарбек.

Сонымен қатар депутат жасанды интеллекттің жылдам дамуын қолдайтынын жеткізді. Ол Қазақстан бұл технологиядан барынша көп пайда көреді деп үміттенеді, әсіресе мемлекеттік басқаруда тигізер пайдасы көп.

"Егер біздің 100 000 мемлекеттік қызметшіміздің кем дегенде 30%-ын жасанды интеллектпен ауыстыратын болсақ, мен тек қуанар едім. Ал 15-30 жылдан кейін министрлер мен әкімдерді ИИ ауыстырса, тек бақытқа бөленер едім", - дейді депутат.

Еске салайық, кеше мәжілісте «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қабылданды. Оның мақсаты — ИИ-мен жұмыс істеуге арналған бірыңғай құқықтық негіз құру.

Негізгі баптары мыналар:
- ашықтық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
- мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторда ИИ-мен жұмыс істеуге арналған нормаларды қалыптастыру;
- үкіметтің осы саладағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру өкілеттіктерін кеңейту.