Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке тағайындалды
Бақытжан Сағынтаев жаңа жылдан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның жаңа басшысы болады.
Бұл туралы РФ президенті Владимир Путин ЕАЭО Жоғарғы кеңесінде айтқан.
Ол бұл қызметке 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап кіріседі.
"Сағынтаев мырзаны құттықтаймын. Біз оны өте жақсы білеміз, ол бұған дейін ЕЭК мүшесі болып жұмыс істеді. Сондықтан өзінің жаңа міндетіне жігерлене кірісетініне сенімдімін", - деді Ресей президенті.
Бұған дейін бұл қызметті Беларусьтің бұрынғы премьер-министрі Михаил Мясникович атқарған еді.
Айта кетейік, Бақытжан Сағынтаев 2019-2022 жылдары – Алматы қаласының әкімі болды. Қаңтар оқиғасынан кейін бұл қызметтен кетіп, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2022 жылғы 1 маусымдағы шешімімен Қазақстан Республикасы атынан Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты министрі болып тағайындалды.