Баку: Полиция наразылық кезінде 20-дан астам оппозиция белсендісін ұстады

12.02.2020, 23:53

20

11 ақпанда Әзербайжан полициясы кезектен тыс парламент сайлауының қорытындысына наразылық танытқан 20-дан астам оппозиция белсендісін ұстады. Халықаралық бақылаушылар дауыс санау кезінде заңбұзушылықтар болғанын мәлімдеді.

Наразылар Әзербайжанның орталық сайлау комиссиясы ғимаратының маңындағы тротуарда отырып, наразылық жасады. Арнайы жасақ сарбаздары белсенділерді ұстап, автобусқа отырғызып алып кетті.

Ішкі істер министрлігінің өкілі Эхсан Захидов акцияның заңсыз болғанын және наразылардың ереже сақтамағанын айтты.

Әзербайжан орталық сайлау комиссиясының дерегінше, парламенттегі 125 орынның 70-ін «Жаңа Әзербайжан» партиясы иеленген. Қалған орынды президент Ильхам Әлиевті жақтайтын кішігірім партиялар иеленді.

Оппозиция белсенділерінің айтуынша, сайлау кезінде бюллетеньдерді топтап салу, карусель әдіспен дауыс беру сияқты көптеген заңбұзушылықтар болған.

Орталық сайлау комиссиясының дерегінше, 5,3 миллион азамат дауыс беру құқығына ие болған.

Оқи отырыңыз: Президент Әлиевтің партиясы парламент сайлауында жеңді
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39