Бала ділмарлар байқауы

Шешендік өнер – халқымыздың баға жетпес бай рухани мұрасы. Ғасырлар бойы қалыптасып, бүгінге жеткен қасиетті қазынасы.
Осы қазынамызды қазіргі және келер ұрпаққа насихаттау мен аманаттау мақсатында республикалық Абай атындағы мамандандырылған мектепте IV республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауы өтеді. Оған еліміздің 15 облсысы мен 3 республикалық қаласынан іріктелген 28 оқушы қатсып сөз сайысына түседі. Шешендік байқау 2 бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлім жекпе-жек түріндегі шешендік сайыс. Қатысушылар жеребе арқылы тақырып таңдап жарты сағаттық жекпе-жек түріндегі шешендік сайысқа түседі. Онда көркемдік, жүйелілік, нақтылық, ой ұшқырлығы, тіл тазалығы, дауыс мәнері, сахна мәдениетін сақтауы, т, б сарапқа салынады. Ал 2-бөлімде алдын-ала берілген би-шешендердің сөзін жатқа айтудан жарысады. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықпен және алғыс хаттармен марапатталады. Бас жүлде 100 000тг, 1-орын 70 000тг, 2-орын(екеу) 50 000тг, 3-орын(үшеу) 30 000 теңге, ал 5 арнайы жүлде иегері 20 000 теңгеге ие болады. Тіл, сөз өнерінің майталман мамандары қазылық жасап, қатысушыларға дәріс өтеді. Байқауға үшінші жыл қатарынан «Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қоры» демеушілік жасайды. Жоба авторы, журналист, шешендік сөз өнері пәнінің мұғалімі Жарқын Сәленұлы. Шешендік сайысты өткізудің басты мақсаты: жаңа буын, жас ұрпақты тіл тазалығын сақтауға, мемлекеттік тілді мейлінше жетік білуге ықпал ету, шешендік өнер арқылы білімгерге сөз өнерінің ерекшелігі мен жүйелі сөз саптау шарттарын меңгерту, жүйелі сөйлеу дағдысы мен сөйлеу шеберлігін шыңдау, сөз құндылығын бағалауға, тәрихи-мәдени және ұлттық болмысын тануға бағыттау, этномәдени тәрбие беруге, сол арқылы әдеби тіл нормасына сәйкес мемлекеттік тілді қолданудың жаңа деңгейін қалыптастыру.
Байқау демеушісі: «Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қоры»Орны мен уақыты: Алматы қаласы, Митин көшесі 6, 29-қараша, 09:00 Ұйымдастырушы: Абай атындағы РММИБайланыс: 8705 666 88 90(Жарқын)