Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:18, 08 Шілде 2024

Балаева сахна өкілдерінің заңсыз әрекеттеріне қатысты пікір білдірді

B
Фото: karavan.kz
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сахна өкілдерінің әрекетіне қатысты пікір білдірді. 

Балаеваның айтуынша, мәдениеттің туын көтеріп, өнердің тасын өрге домалатып жүрген әрбір майталман - елге үлгі, қоғамға бағдар болуы шарт.

Өкінішке орай, соңғы кезде мәдениет саласындағы белгілі азаматтарға қатысты жағымсыз оқиғалар, кейде тіпті заңсыз әрекеттер жиілеп кетті. Әрине, жеке-дара адам ретінде, қарапайым азамат ретінде кімге болса да пендешілік тән қасиет. Адам болған соң қателесуің мүмкін, бірақ оның арты заңды аттауға бармауы тиіс. Өзін нағыз “мәдениет қайраткерімін” дейтін жан үшін танымалдық заңсыздыққа жол беретін құдырет емес. Олар қашанда ұлт мәдениеті дамуының қозғаушы күші саналады. Сондықтан олардың көпке ықпалы тек өнеге, насихат, жақсылыққа арқау болуы тиіс, деді Балаева.

Сонымен қатар ол, лауазымына, танымалдылығына, қоғамдағы орнына қарамастан, заң бәріне ортақ екенін айтты. 

Айта кетейік, бұған дейін әзілкеш Тұрсынбек Қабатов ұшақ бортында бейәдеп сөздер айтқаны үшін жауапқа тартылған болатын. 

Сонымен қатар, әнші Қайрат Нұртас «Алматы-Астана» бағытындағы ұшақта  бұзақылық әрекетке барғаны үшін әкімшілік іс қозғалып, қамауға алынған. 

Ал, әнші Әбдіжаппар Әлқожа заңсыз көлік жүргізгені үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Тегтер: