Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:44, 17 Тамыз 2022

Балалар шығармашылығын қолдау маңызды

None
None

Балаларды қолдау жылында бүлдіршіндерді әлеуметтік, материалдық қолдаудан бөлек, олардың шығармашылық дамуына да аса көңіл бөлініп келеді.

 Сондай-ақ балалардың ой-өрісін дамыту мақсатында шетелдік Tiji, Nickelodeon арналарының контенттері қазақ тілінде балалар жылында көрсетілуі қолдау тапты. Сондай-ақ өңір-өңірлерде балалардың шығармашылығына қатысты сайыстар өткізіліп келеді.

Балаларға арналған шетелдік контенттерге келсек, бұл бастама Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша балалар тұтынатын контентті арнасы Қазақстандық қоғамдық даму институты Отбасын зерттеу орталығы «М6 Groupe» (Франция) компаниясымен бірлесіп Қазақстанда бірінші рет жүзеге асқалы отыр. Бұл бағдарлама бойынша бүлдіршіндер француз арнасын қазақ тілінде тамашалай алады, әрі мемлекеттік тілдің ұлғаюына септігін тигізеді.

Аталмыш ақпаратқа сәйкес, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Қуанышұлы Омаров «Лти Восток» ЖШҚ бас директоры Халықаралық дистрибуция жөніндегі директоры, Мария Жабина-Пантеликпен және «M6 Groupe» компаниясының телеарналар мен радиостанциялар қоржынын халықаралық дистрибуциялау жөніндегі директоры Жан-Рене Окуньемен, сондай-ақ Францияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің мәдениет және ынтымақтастық мәселелері жөніндегі кеңесшісі Алекс Бортоланмен кездесуі өткізген болатын. Кездесу барысында «TiJi» мен  балалар телеарнасының мемлекеттік тілдегі аудиожолының ресми тұсаукесері өткен болатын. Осыған қатысты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров «Жаңа бағдарлама арқылы өскелең ұрпақты, әсіресе оқушыларды және мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуге басымдық бердік. Яғни «Ұлттық тәрбие», Tiji және Nickelodeon арналарының балалар контентін қазақ тіліне аудару секілді ауқымды жобаларды жүзеге асырудамыз. Сондай-ақ Tiji және Nickelodeon контенттері қазақ тілінде көрсетілетін болады. Әрі осы стратегиялық құжаттар қазақстандық бірегейлік пен зияткерлік әлеуетті, мемлекеттік тілді дамытуға, ұлттың мәдени кодын сақтауға және ілгерілетуге, жастардың жан-жақты дамуы мен өзін-өзі танытуына бағытталған» деп пікір білдірді.

Бұл жаңа бастама алдағы уақытта балалардың шетелдік контенттерді мемлекеттік тілде тамашалауына үлкен мүмкіндік береді деп білеміз. Ал өңір-өңірлердегі балалардың шығармашылығын қолдауға келсек, «Балалар жылы» аясында Орал қаласында үлкен сайыс өткізіліп, әкімдік пен Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Мәдени-ағарту бірлестігі» МКҚК ұйымдастыруымен «Театрдың ғажайып әлемі» атты батыс аймақтық балалар театр фестивалі өткізіліп, жергілікті  «Мақашева театры» жеңіске жеткен болатын. Балаларды қолдау жылы аясында Түркістан қаласы Сайрам ауданында да облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Бал таңдай» өнер фестивалі аясында «Менің туған жерім» атты суретшілер байқауы өткізілді. Жас суретшілерге аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі қолдау білдіріп, арнайы дипломдар мен алғыс хаттармен марапаттады. Осындай сайыстар арқылы көптеген бүлдіршіннің ынтасы артып, келесі жылы да осындай шаралар өткізіліп жатса, қатысуға ниетті екендерін білдірді. Сурет салудан бөлек, Ақтөбе қаласында «Самға әуен» атты IX Халықаралық балалар шығармашылығы байқауын республика деңгейінде өткізіп, еліміздің түкпір-түкпірінен өнерлі оқушылар бақ сынасты.  Ал балалардың білімі мен танымын арттыру мақсатында Қазақстанның әрбір облыс, қала, аудан кітапханаларында «Балалар жылына» қатысты арнайы танымдық іс-шаралар жиі өткізіліп тұрады. Соның бір мысалы ретінде, Ақмола қаласындағы Үлгілі балалар кітапханасында «Таңшолпан» жастар шығармашылығы орталығының тәрбиеленушілеріне арналған экскурсия да өткізілген еді. Іс-шара аясында балалар абономент пен оқу залының не екенін, қалай кітапхана оқырманы болу керектігін білді. Балалар энциклопедиялармен, сөздіктермен танысты, панорамалық кітаптарды, балалар кітаптарын, музыкалық кітаптарды, сондай-ақ ойын-сауық және танымдық балалар журналдарын тамашалады. Балалар «Гуси-лебеди» мультфильмін тамашалады. Осындай шаралар арқылы алдағы уақытта балалар кітапхананың шынайы достарына айналады деп сенеміз. 

Тегтер: