Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:15, 08 Қыркүйек 2021

Балалар үйінің қызметкерлері 25,9 миллион теңге жымқырды деп айыпталды

None
None

Қаржылық мониторинг агенттігі Нұр-Сұлтандағы балалар үйінен 25,9 миллион теңге ұрланғанын әшкереледі.

Ведомство мәліметінше, Qamqor жедел алдын алу іс-шарасы аясында елордадағы балалар үйлерінің бірінен жетім балаларға тамақ сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша соталды тергеу басталған.

«Тергеу нәтижесі бойынша, мекеменің директоры мен бас бухгалтері сатып алу ережелерінде көзделген рәсімдерді сақтамай, бақыланатын кәсіпорынмен азық-түлік өнімдерін жеткізуге келісімшарт жасасқанын анықтады. Оған қоса компанияның бастығы бас бухгалтердің бұрынғы жұбайы екені анықталды», — делінген хабарламада.

Тегтер: