Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:37

Балалар үйіне қатысты даудан кейін Алматы облысының білім басқармасының жаңа басшысы бекітілді

1
Фото: из открытых источников

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев білім басқармасының жаңа басшысын тағайындау жөніндегі өкімге қол қойды. Бұл қызметке Арайлым Ақсұбаевна Төлеубекова келді.

Төлеубекова 1977 жылы туған. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Басқа тілде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. Кейін «Құқықтану», «Орыс тілі мен әдебиеті» бағытында білім алып, 2017 жылы магистр дәрежесін қорғаған.

Еңбек жолын 2001 жылы Іле ауданы Рахат ауылындағы №20 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған. Әр жылдары мектеп директорының орынбасары, әскери бөлім операторы, аудандық білім және спорт бөлімінде, сондай-ақ әкімдік құрылымдарында түрлі қызмет атқарды.

Жаңа тағайындауға дейін Қонаев қаласы мен Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімін басқарды.

Бұған дейін Төлеубекова Іле аудандық білім бөлімін басқарған кезде Бокин атындағы №41 орта мектепте шу шыққан болатын. Үш жыл бойы мұғалімдерден ай сайын ақша жиналғаны, ал басшылыққа жақпағандарға қысым көрсетілгені анықталды. Кейін мектеп директоры қызметінен босатылғанымен, сот шешімімен қайта орнына қайтарылған.

Айта кетейік, жаңа тағайындау облыстық деңгейдегі бірқатар кадрлық өзгерістерден кейін жасалып отыр. 12 тамызда Алматы облысы әкімінің орынбасары Болат Куренбеков қызметінен босатылса, одан бұрын облыстық білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева мен ішкі саясат басқармасының басшысы Ерік Әбітов қызметінен кеткен еді.

Тегтер: