Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:27

Оңалту орталығының маманы балаларға қорлық көрсеткен

1
Фото: из открытых источников

Алматыдағы оңалту орталығының тәрбиеленушісіне жасалған қорлықты полиция тергеп жатыр.

Әлеуметтік желіде Алматыда оңалту орталығында балаға қатыгездік көрсетілген сәттегі бейнежазба тарады. Бейнежазбада кішкентай баланың қолын қайырып, мойнынан қылқындырып, күштеп еңкейтіп жатқаны көрінеді.

Аталған дерек бойынша оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті түрде анықтау, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің әрекеттерінің заңдылығын бағалау мақсатында қызметтік тексеру тағайындалды. Тексеру аясында қызметкерлердің іс-әрекеттеріне әкімшілік заңнама талаптарының және кәсіби әдеп нормаларының сақталуы тұрғысынан құқықтық баға берілетін болады, – делінген департамент хабарламасында.

Тегтер: