Балаларды мектепке дайындау үрдісі басталып кетті

Жаңа оқу жылы басталар тұста, көпшіліктің мектеп формасы мен оқуға қажетті заттарды алуда әр отбасында дайындық жұмыстары басталып кетті.
Алайда көп отбасының қымбатшылық шарықтап тұрған заманда қажетті заттарды ала беруге қаржылары жетпейді. Осы орайда, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен балалар жылын жүзеге асыру мақсатында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмектер беріліп жатқандығын айта кету керек.
Биыл балаларды мектепке дайындау үрдісі бойынша мемлекет 400 мыңнан астам балаға қолдау көрсетеді. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев мәлімдеген болатын. Сондай-ақ материалдық көмек атаулы көмек алатын көпбалалы отбасылар мен Атаулы әлеуметтік көмекті алмайтын, және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, төтенше жағдайлардан зардап шеккендер, сондай-ақ орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балаларына берілетін болады. Материалдық көмектен бөлек, әр бала басына 37 389 теңге көлемінде көмек беріледі. Материалдық көмекті алу үшін әр ата-ана тұрғылықты мекенжайы бойынша білім бөліміне хабарласулары қажет. Осы уақытқа дейін мұндай көмекті жергілікті әкімдіктер жүзеге асыратын. Әлі де көмек көрсете береді. Сондай-ақ баланы мектеп жабдығымен қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдар да атсалысып келеді. Ал жоғарыда айтып кеткен мектепке дайындауға қаржылай қолдау білдіруге қатысты Оқу ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Дулат Жекебаев мемлекет тарапынан бір баланы қамтамасыз етуге ең төменгі көмек 37 389 теңге көлемінде қаржы бөлінетіндігін тілге тиек еткен болатын. Оның айтуынша, «Осы уақытқа дейін атаулы көмек алатын балаларды мектепке дайындау бойынша мемлекет есебінен 17 мен 40 мың теңге аралығында қаржы бөлінетін. Жақында министрліктің ұсынысына сәйкес, бұл нормаға өзгерістер енгізілді. Яғни ең төменгі көмек – 37 мың 389 теңге болады. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың ұсынысымен көмек көрсетуге де өзгерістер енгізілгенін айта кеткен жөн. Мәселен, енді ақша тікелей ата-аналардың шотына аударылады. Сол қаржыға ата-аналар өз таңдаулары бойынша мектеп жабдықтарын ала алады» – дейді Дулат Жекебаев.
Балаларды мектепке дайындау бойынша «Аманат» партиясы да биыл қолұшын созуда. «Аманат» партиясының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, биыл 30 мыңнан астам бала жаңа оқужылына қажетті жиынтықтарды алатын көрінеді. Қайырымдылық акциясы «Баланы мектепке жинайық!» деп аталады. Ондағы басты мақсат – аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға жаңа қыркүйекте басталатын мектепке еш қамсыз, әрі оқу құралдарымен жабдықталып баруға көмек көрсету болып саналады. Ал қажетті құрал-жабдықтарға мектеп формасынан бөлек, оқулықтар мен кеңсе тауарлары салынған рюкзактар ұсынылады. Бұл балалардың еш алаңсыз білім алуына жасалынып жатқан жағдай деп білеміз. Әзірге қайырымдылық акциясы Павлодар мен Өскемен қалаларында өткізілді. Алдағы уақытта республикамыздың түкпір-түкпірінде жалғасын табатынына үмітіміз бар. Ал қайырымдылық акциясына дән риза болған ата-аналар балаларды көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың мектепке дайындауға жағдайлары жетпейтіндігін айта келе, партияға алғыстарын білдірді.
— Көп балалы отбасылар үшін балаларды жаңа оқу жылына дайындау – үлкен жүктеме. Партияның мұндай бастамасы біз үшін үлкен қолдау, – дейді Әсел Мүшелбаева есімді көпбалалы ана.
Бұдан бөлек балалар жылына орай жасалынып жатқан өзге аймақтардағы шараларға келсек, Балаларды қолдау жылы аясында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы барысында «Мектепке жол – шекарасыз жақсы!» деген ұранмен материалдық табысы төмен отбасыларға өңір-өңірлерден жергілікті кәсіпкерлер де материалдық және қаржылай қолдау білдіріп келеді.