Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:37, 20 Желтоқсан 2022

Балалардың болашағы бұлыңғыр...

None
None

Ресей украин жеріне оккупациясын жалғастыруда. Басып кірген жерлердегі тұрғындарды жаппай көшіріп әкетіп жатыр.

Әйелдер мен балаларды күштеп Ресейге қоныс аудартуда.

Тура баяғы Сталиннің репрессиясындағыдай Украинаның бейбіт тұрғындарын арнайы пойыздармен Ресейдің түкпіріне, тіпті, тоғыз мың шақырым қашықтыққа дейін апарып тастап жатыр. Күштеп көшірілгендердің денін алдымен Украина шекарасында жақын тұрған Ростовта ұйымдастырылған арнайы лагерьлерге жинап алып, сосын, сол жерден пойызға салып, Қиыр Шығысқа, дәлірек айтқанда, Хабаровск өңіріне жөнелтуде.

Украинадан күштеп көшірілген бейбіт тұрғындарды Ресейдің барлық түкпіріне бағыттап жатыр. Онда құрылған лагерьлер екі секторға бөлінеді екен, бірі ересектерге арналған, бірі кәмелетке толмаған балаларға арналған. Украиналық отбасылардың балаларын тартып алады екен. Не үшін десеңіз, кейін ол балаларды ресейліктер асырап алуы үшін. Денсаулығы жақсы балаларды баласы жоқ отбасылар асырап алуға дайын отыр.

Баяғыда сталиндік репрессия кезінде Украина жерінде қолдан аштық ұйымдастырылып, Кремль украиндерді отанынан тастап қашуға мәжбүр етіп, халқы аз, жері кең Сібір мен Қиыр Шығысқа көшірген. Ол жерлерде славяндар тұрсын дегені. Ал славянға жатпайтын халықтарды қызыл империяның Орталық Азияға көшіру жоспары болған. Мәскеудің сондай зымиян жоспары болғанын тарихи фактілер растайды.

Украинадан көшіріліп, лагерьлерде қамалып отырған балалар арасында түрлі аурулар тарап жатыр деген деректер бар. Гигиеналық заттар жоқ, таза су жоқ, сапалы азық жоқ, суық, ылғалды жерде тұрып жатыр. Зомби сияқты санасы уланған ресейлік солдаттар мен ЧВК сияқты құрылымдардың жалдамалы нашақор жендеттері украиндерге жыныстық зорлық-зомбылық көрсетуде.

Кей ақпарат бойынша, көшірілген украин жасөспірімдері тері-венерологиялық аурулар жұқтырған. Онымен қалай күресуді Ресейдің әскери басшылығы білмейді. Аурулар жыныстық жолмен жұғып жатыр. ЧВК жалдамалылары ауруларын балаларға жұқтырып, ол ауруды мобилизация аясында соғысқа шақырылған сап-сау ресейліктер де жұқтыруда. Көшірілген украиндермен оңды-солды жыныстық қатынастың салдары. Невирапин (Nevirapin) деген дәріге берген тапсырыстарының көлеміне қарағанда, әлгі лагерьлерде жүздеген украин балалары ауру жұқтырған деуге негіз бар. Ресейде бұл дәрінің тапшылығы туындап, бағасы бірнеше есеге көтеріліп кетті.

Мына 21-ші ғасырда, өзін дамыған және зайырлы ел санайтын мемлекетте фашистердің өлім лагерьлері сияқты концентрациялық лагерьлердің құрылып жатқаны неткен жабайылық десеңізші.

Ресейдің мемлекеттік Думасы баяғы большевиктердің жазалау органдарын тірілтіп, қабылдап тастаған небір заңдарымен күштік құрылымдарға толық ерік беріп қойды.

Үкіметтік емес ұйымдар, азаматтық белсенділер мен феминистік топтар дабыл қағуда. АҚШ азаматы Джуне Катрин Миникс зорлық-зомбылыққа тап болған украин әйелдері мен балалары мәселесін халықаралық форумдардың бәрінде көтеріп келеді.

Тіпті, арнайы ұйым құрып, (ұйымның әлеуметтік желідегі ресми парақшасы: www.facebook.com/womenforukr) ақша жинап жатыр.

Оккупанттардың күштеп көшірілген украиндерді зорлау мен қорлауына, балаларды бөтен отбасылардың асырап алуына беруге қарсы акция #UAChildrenCamps деген хештег бойынша жүргізіліп жатыр.

Тегтер: