Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:23, 12 Желтоқсан 2023

«Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасы бойынша қанша берілетіні белгілі болды

нацфонд
Фото: из открытых источников

2024 жылдың 1 ақпанынан бастап 18 жасқа дейінгі Қазақстан азаматтығы бар барлық балаларға арналған «Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасы бойынша төлемдер басталады. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Ұлттық қордың бюджеттік несиелендіру және қаржы секторы мәселелері жөніндегі өзара іс-қимыл департаментінің директоры Айбол Арғынғазинов мәлім етті, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Әр балаға төленетін төлем мөлшері туғаннан 18 жасқа дейін шамамен үш-төрт мың долларды құрайды. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) бағдарламаға қатысатын және ел азаматтығын алған барлық балаларға төлем жасайды.

2024 жылы 18 жасқа толған балалар қаражатты тағайындау үшін құжаттарын тапсыра алады. Төлем сомасы орташа инвестициялық кірісті бағдарламаға қатысатын балалардың санына бөлу негізінде анықталады.

Директор қазіргі таңда балаларды тіркеу және барлық қажетті ақпаратты бірыңғай базаға біріктіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын баса айтты. Балаларды қосарланған сәйкестендіру нөмірімен тіркей алмау сияқты кейбір мәселелер жаңа жылдың басына дейін шешіледі деп уәде беріліп отыр. Сол кезде бала саны мен 2024 жылға төленетін төлем мөлшері туралы нақты деректер белгілі болады.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев үкіметтің брифингінде 18 жыл ішінде төлемдердің жалпы сомасы шамамен үш-төрт мың долларды құрайтынын айтты.