Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:03, 14 Маусым 2024

Балаларға қатысты қылмыстар бойынша татуласу рәсімі алынып тасталды

ортком
Фото: Ortkom

Қазақстанда балаларға қатысты қылмыстар бойынша татуласу рәсімі алынып тасталды.

Бұл туралы Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң ның негізгі ережелерін түсіндіруге арналған баспасөз конференциясы барысында ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Закиева хабарлады. 

«Бұрын қылмыстардың 30% татуласумен жабылатын. Сонымен қатар балаларға жыныстық сипатта тиісу деген жаңа бап енгізілді. Себебі бұрын осы әрекеттер үшін жауапкершілік болмаған. Педофилияға тек қана өмір бойы бас бостандығынан айыруды көздедік. Сондай-ақ тергеу барысында балаларға жасалған зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстар үшін адамды бірден қамауға алу қарастырылған. Балаларға жасалған буллингке және баланы автобустан шығарып жіберу бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген», - деді спикер ОКҚ алаңында.