Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:00, 29 Наурыз 2023

Балаларға – жаңа кітап

None
None

Болашақтың іргетасы кішкентай балалар. Сондықтан да олардың болашағы кемел де жарқын болуы үшін жылда тиісінше қолдау жұмыстары жүргізіліп келеді.

Атап айтар болсақ, биылғы жылдың басында-ақ мектепке дейінгі балаларға хат тануына, кітап оқуға қызығушылығын оятып, санауға үйрететін жаңа кітаптар шықты. Кітапты шығарушы «Астана баспасы». Бір қызығы кітап америкалық үлгісімен дайындалған. Сондай-ақ бүлдіршіндерді қазақ тілінде кітап оқуға қызықтыра алатын, түрлі-түсті суреттермен өрнектелген, әрі оқуға тілі жеңіл жазылған. Атап айтсақ, биыл баспадан мектеп жасына дейінгі балаларға «Құшақтасу», «Жануарларға қарайық», «Қош, қош», «Ақылды ара», «Домалақ ана», «Әлихан мен робот Уәли» кітаптары шықса, бастауыш сынып оқушыларына «Ойла, математика!» оқулығы мен ағылшын тілінде мұғалімдер мен оқушыларға арналған деңгейлік кітаптар жарық көрді.

Балаларға арналған жаңа оқулықтар көптеген ата-аналар мен ата-әжелердің көңілінен шыққаны анық. Тіпті кітаптарға ризашылықтарын айтып, жылы лебіздерін білдіруде.

— Америкалық үлгімен дайындалған, балапан бүлдіршіндерге арналған, сәбиді қазақ тілінде кітап оқуға еліктететін түрлі-түсті суреттерімен қоса өрнектелген, парақтары жыртылмайтын қалың қатты қағаздан түптеліп жасалған әдемі кітаптар баспадан шығыпты.

Кезінде АҚШ-та жүргенде немерелерім осындай үлгідегі ағылшын тіліндегі кітаптарды қызығып, ешбір жалықпай, қайта-қайта оқығанын көрген кезде, қазақ тілінде осындай кітаптар қашан шығар екен деп армандап едім. Балалар сүйсініп қарайтын, суреттері қызығып оқи алатындай ойлануға жеңіл бір ғана қысқа сөйлеммен түсіндіріледі. Бұл кітап ата-әже мен әке-шешеге де сәбиге қызықты, көз тартатын суреттерді жеңіл түсіндіру үшін көрнекті әдістемелік құрал. Өзіміз де «ата, әже, кітап оқып берші» деп жалынатын немерелеріміздің өтінішіне білетін ағылшыншамызбен сөйлемдерін қазақшаға аударып, түсіндіріп, осындай кітаптарды оқып беріп жүрдік. Кітапты сүйіп оқуға бейімделген баланың қалта телефонға еліктемейтінін де байқауға болады, – дейді Муталап Әбсаттаров.

Бұдан бөлек, балалар жылынан бастап, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен елімізде балалар ақын-жазушыларының балаларға арналған бірнеше кітаптары жарық көрді. Әрі жаңа оқулықтарды авторлары мектеп кітапханаларына арнайы кездесуге барып, бүлдіршіндерге қолтаңбаларымен табыстап та жүр. Әлі де бұндай қолдаулар жалғасын тапса, еліміздегі балапандар үшін де, қазақ балалары мен ақын-жазушылары үшін де ерекше, әрі ұмытылмас сый болары анық.

Тегтер: