Баламалы энергия көзі: әрі тиімді, әрі қауіпсіз

29.06.2018, 09:12

3

Халықтың әл-ауқатын, өмір сүру сапасын арттыру және елдің әлемнің  дамыған 30 елінің қатарына кіруі арқылы қоршаған ортаға түсетін жүктеме мен табиғи ресурстардың тозуын барынша азайта отырып, жаңа тұрпаттағы экономикаға көшуді мақсат еткен Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамасында бірнеше басым міндет белгіленген. Соның бірі – энергия үнемдеу, энергия тиімділігін арттыру, ауаның ластануын азайту және экожүйелерді сақтап қалу.Соңғы жылдары Түркістан облысында осы бағытта бірқатар жұмыстар атқарылуда.  Өңірде өзен-сулардан шағын электростанциялар салып, тиімді энергия өндіру қолға алынуда.Жалпы, Түркістан өңірі  баламалы энергия көздерiн дамытуға мүмкіндігі мол өңiр болып есептеледі. Облыс аумағынан 122 өзен ағады, 41 суқойма бар. Оның үстіне облысқа электр қуатының  басым бөлігі өзге өңірлерден тасымалдануда. Жарықтың тарифі жоғары.Баламалы энергия көздерін көбейту мақсатында Төлеби ауданында қуаты 2,5 МВт «Кеңес» шағын су электр станциясының, Сарыағаш ауданында жалпы қуаты 5 МВт болатын екі шағын су электр станциясы, сонымен бірге Жылға ауылында қуаты 20 МВт күн электр станциясының құрылысы басталады. Жалпы, алдағы уақытта баламалы энергия көздерін дамыту бойынша Төлеби ауданында  20 МВт электр энергиясын өндіретін ірілі-ұсақты 10 су электр станциясы салынбақ.– Төлеби ауданы алдағы бес жылда өзін-өзі электр қуатымен толық қамтитын болады. Қазір ауданымызда осы мақсатта жеті ауқымды жоба жүзеге асырылып жатыр. Атап айтсақ, Сайрамсу мен Қасқасу өзендерінің бойында алты шағын су электр станциясы бой көтереді. Алдағы қыркүйек айында қуаттылығы – 5 МВт, құны 1,5 млрд теңге болатын «Ақсу қуат» алғашқы су электр станциясының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар биыл аудан орталығы Леңгір қаласында қуаттылығы 10 МВт болатын «ДСТО-Солар» күн электр станциясы мен Қасқасу ауылдық округіндегі қуаттылығы 5 МВт болатын «Сары-Айғыр Қуат» шағын ГЭС құрылысы басталады, – деді бізге берген мәліметінде Төлеби аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі.Бұдан бөлек, Мақтаарал ауданы Жетісай қаласы маңында күн электр станциясы құрылысын жүргізу жоспарда тұр. Жобаға 10,7 га жер бөлінген, қуаты – 4,8 МВт. Бүгінгі таңда рұқсат беру құжаттамалары әзірленіп, құрылыс жұмыстары қараша айында басталады деп жоспарлануда. Жобаға германиялық NwComp Solar GmbH компаниясы 7 млн евро инвестиция құйып отыр. Ал Мақтаарал ауданындағы екінші жобаның инвесторы  – голландиялық VTK Investments B.V компаниясы. Ауданнан 100 МВт күн электр станциясын салу бойынша екіжақты меморандумға қол қойылған. Жоба құны – 150 млн евро. Сондай-ақ Бәйдібек ауданы Жүзімдік елді мекенінде «Ветропарк Жүзімдік» ЖШС қуаты 40 МВт болатын жел электр станциясының құрылыс жұмыстарын бастайды. Ауданда шетелдік Emperial Renewabie Energy ЖШС-і (қуаттылығы – 100 мВт) және KK-Kiunsen (қуаттылығы – 210 мВт) кәсіпорындары жобалық-сметалық құжаттарын әзірлесе, аталған саладағы жұмыстарды ағымдағы жылы толық аяқтау жоспарланып отыр. Арыс қаласында қуаты 14 МВт болатын күн электр станциясын салу да биылға жоспарланған. Ал Отырар ауданында «Промондис» ЖШС қуаты 35 МВт күн электр станциясының жобалау құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған болатын. 100 гектар жер телімі бөлінген жобаны кезең-кезеңімен іске асыру көзделуде.Бұдан бөлек, облыстың Арыс қаласы аумағындағы Қожатоғай ауылдық округінде KAZ GREEN TEK SOLAR ЖШС мекемесі мен француздық URBASOLAR компаниясы бірлескен күн сәулесі арқылы баламалы энергияны өндірумен айналысатын зауыт салынады. Жалпы қуаттылығы  14 МВт. құрайтын станцияның құрылысы биыл басталады.Б. ЕРНАЗАР    
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04