«Баламызды алты жастан оқытпаймыз»

31.05.2019, 07:22

3

Бүгін АқтөбедегіХалық кеңсесінде қалалық білім бөлімінің басшысы Саян СҮЛЕЙМЕНОВ жоспар бойыншатұрғындармен кездесті. Ондаған ата-ана білім саласындағы жаңа заңға өзнаразылықтарын білдірді. Қазір облыс орталығындағы балабақшалар алты жасқатолған балаларды шетінен шығарып жатыр екен. Ата-аналар балаларымызпсихологиялық және физикалық жағынан мектепке баруға дайын емес дейді.

— Заңға сәйкес бала бақшадан балаларыңызды алыпкетіңіздер дейді. Біз міндетті түрде алты жастағы баланы мектепке беруімізкерек екен. Біз қарсымыз. Баламыз дайындық тобында болған жоқ. Мектеп алдыбағдарламадан өтпеген. Еш нәрсе білмейді. Әлі кішкентай ойын балалары ғой, —  дейді Бақытгүл ЖИЕНБАЙ.

Ата-аналарбалаларының тағы бір жыл балабақшада қалуларын қалайды. Айтуларынша биыл үлкентопқа өтулері тиіс.

— Балаларымызды аяқ астынан мектепке бірінші сыныпқажіберіп жатыр. Балаларымыз дайындықтан өткен жоқ. Менің балам дайын емес, — дейді тағы бір ақтөбелік Шынар МЕДЕТОВА.

Жергіліктішенеуніктер алты жасқа толған бала биыл бірінші сыныпқа міндетті түрде барукеректігін айтады. Ал балабақшалар алты жасқа толған балаларды дайындықтанөткізбегендеріне қалалық білім бөлімі басшысының өзі аң-таң. 

— 2019 жылдың 11 қаңтарынан бастап білім туралы заңның 31-тармағынаөзгеріс енгізілді. Сол өзгеріс негізінде алты жасқа толған бала бірінші сыныпқабару керек. Сіздер балаларыңыздың мектепалды даярлық бағдарламасынан өткен жоқдеп отырсыздар. Осыған байланысты мен қызметтік тексеріс жасап, сіздергежауабын беремін, —  дейді Ақтөбе қалалықбілім бөлімінің басшысы Саян СҮЛЕЙМЕНОВ.

Білім бөлімібасшысы бір жыл бойы мектепалды дайындықтан өтпеген балаларды бір айда оқытып,мектепке дайындатып беремін деп отыр. Алайда ата-аналар балаларын тағы бір жылға бала бақшада қалдыруды талап етеді.Өйткені, ойын баласының тоғыз ай бойы оқитын білімді бір айда біліп шығуымүмкін емес деп отыр.

Фото автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34