Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:56, 03 Қаңтар 2022

Баланың өліміне селт етпеген ҚТЖ енді киіктерді орға жығып жатыр (видео)

None
None

Қарағанды облысындағы Қоскөл ауылындағы құрылыс нысанының орнында қазылып қалған шұңқырға киіктер үйірімен түсіп кеткен.

Қоскөл станциясындағы "Қазақстан темір жолы" Акционерлік қоғамына тиесілі құрылыс нысан үшін қазылған ор тұрғындардың әбден берекесін кетірген екен. Ең сорақысы сол, жұрттың айтуынша,  былтырғы жылы наурыз айында осы орға бір бала түсіп кетіп мерт болған.

Не құрылыс салынбаған, не қоршалмаған орға су толып кетіп, бірнеше рет мал түсіп қырылған екен.

Кісі өлімінен кейін де селт етпеген "Қазақстан темір жолы" енді киіктер қамалған соң оны қоршаймыз деп уәде берген.

"Үш күн болды осы қазылған жерге түсіп кеткен киіктерді шығара алмай жүрміз. "Қазақстан темір жолына" тиесілі құрылыс нысанының «котлованына» былтыр бала Қымбат Айбошина түсіп кетіп қаза тапқан еді ",- деп мәлімдеді бейнежазба түсірген Қоскөл станциясының тұрғыны. 

Тұрғындар бұған дейін бірнеше рет шағымданса да ешкім тереңдігі 2 метрге дейін жететін орды қоршамаған.

Тегтер: