Баласын қоқысқа тастаған көкек ана табылды

07.04.2020, 01:00

4

Қарағанды қаласында сәбиін шімірікпестен қоқысқа лақтырып кеткен әйел адам табылды. Полиция Департаменті баласына қауіп төндіріп тастап кеткен ананы анықтау үшін тергеу оперативтік тобын құрған болатын. Бүгінде полиция құрығына іліккен әйел адамның жасы 22 де екен. Ол Октябрь ауданында тұрып жатқан. Полиция  қызметі әйел адамның баласын не үшін лақтырып кеткенін анықтауға кіріскен. Еске сала кетсек, 4 сәуірде Октябрь ауданындағы үй ауласының қоқыс жәшігінен нәресте табылған. Абырой болғанда, сәби тірі болып шықты. Бүгінгі күні дәрігерлер балалар ауруханасында жатқан баланың денсаулығын қанағаттанарлық деңгейде деп бағалайды. Бұл іске қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Баланың анасына қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 24 бабы 3 бөлігі және 99 бап 1 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған. 22 жастағы әйелдің баласынан не себепті құтылғысы келгені әзірге беймәлім болып отыр.

Арайлым ЕРКЕБАЕВА, 

Қарағанды

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 18:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 21:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 21:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04