Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:38, 19 Маусым 2024

Балық шаруашылығы комитетінің басшылары сотталды

pixabay
Фото: pixabay

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров Балық шаруашылығы комитетінің басшылары сотталғанын мәлімдеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүйелі жемқорлықты анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен Ауыл шаруашылық министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Н.Т.Жүнісов және оның қарамағындағылар – балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасының басшысы Е.К. Суықбаев сотталды. Сот үкімімен оларға 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – деді Агенттіктің ресми өкілі.

Сонымен қатар аталған азаматтар мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Олар жалпы қамқорлығы үшін 2021 жылдан 2024 жылдың ақпанына дейін шағын және орта бизнес өкілдерінен жүйелі түрде пара алды деп айыпталды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, – деді Биғайдаров.
Тегтер: