Балпық би елінде қоныс тойы көп болмақ

19.04.2019, 22:35

6

Алматы облысының Көксуауданында жыл соңына дейін 70 адам баспанамен қамтылады. 2019 жылы  Өңірлерді дамыту-2020 бағдарламасы аясында аудандажалдамалы 50 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды. Оның құны —  567 миллион теңге. Тағы 142 миллион теңгеніқұрайтын коммуналдық 20 пәтерлі тұрғын үйдің жоба-сметалық құжаттамасы жасалған.Қазір бюджеттен құрылысты бастау үшін ақша сұралып жатыр. Ауданда үй кезегінде800-ден астам адам тұр. Оның 190-ы бюджеттік және мемлекеттік қызметте жұмысістейтіндер. Оларды үймен қамту үшін 7-20-25 бағдарламасына сәйкесинвесторлардың қатысуымен 32 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталып кетті.

Тұрғын-үй қатынасытуралы заңға сәйкес ауданда 203 толық емес отбасы мен 93 көп балалы ана үйкезегінде тұр. Сондай-ақ, 60-қа жуық жетім балалар пәтерден үмітті.

Алмас ӘДІЛ, Көксу ауданының әкімі: «Жоспар бойынша 50пәтерлі үйдің құрылысы 6 айда аяқталады. Тағы 20 пәтерлі үйді жыл соңына дейінпайдалануға береміз. Құрылыстың бәрі жергілікті және облыс пен республикабюджеті есебінен қаржыландырылған. Келер жылы тағы 100 адамды баспанаменқамтуды жоспарлап отырмыз. Үй құрылысына қатысты тағы да біраз жобалармемлекеттік сараптаманың қарауына жіберілген.»

Ауданда 2020 жылы60 пәтерлі үйдің құрылысын бастау жоспарланған. Тағы да 20 пәтерлі үйдіңқұрылысына қатысты жоба бар. Сондай-ақ, көп балалы аналарға арналған 4 бөлмелі  21 жер үй тұрғызылмақ.

Сондай-ақ, мемлекеттікбағдарламадан бөлек баспанамен қамту мәселесіне жергілікті кәсіпкерлер деқызығушылық танытып отыр. Мәселен, былтыр аудандағы қалталы азаматтар азқамтылған және көп балалы отбасыларға 2 үй сатып берген екен. Биылғы жоспарғасәйкес аудан орталығында тұрмысы төмен 4 отбасын баспанамен қамтуды көздепотыр.   

Фотоларды автор ұсынды.  

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

11.08.2020, 13:22
Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар
07.08.2020, 12:39
Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ
06.08.2020, 13:36
«Біздің әкім белсенді»
04.08.2020, 13:05
Диқандар неге ашулы?
30.07.2020, 13:14
«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті
29.07.2020, 13:57
Алматыда құрбандыққа шалынған мал етін мұқтаж жандарға жеткізу ұйымдастырылады

Аңдатпа


  • Ахметовтің кадр саясаты ақсай бастады
    21:08
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13