Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:47, 21 Шілде 2022

Балқаш ауданы өңір дамуына үлес қосуда

None
None

Осы аптада Алматы облысының әкімі Балқаш ауданының тұрғындарымен кездесті. Балқаш ауданы тұрғындарының өзекті мәселелерін премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеров, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тыңдады.

Халықпен кездесу барысында ең өзекті және проблемалық сұрақтарға жауаптар табылды. Халықты толғандырған мәселелер – жайылымның жоқтығы, шөптің қымбаттығы, медицина қызметкерлерінің тапшылығы, полигон қоршауының болмауы еді.

«Балқаш ауданы өңірдің дамуына елеулі үлес қосуда», – деп атап өтті өз сөзінде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев. Балқаш ауданы үшін басым дақылдардың бірі – күріш. Биылғы жылы осы пайдалы және адамның тамақтануы үшін маңызды дәнді дақылмен ауданда 6800 га күріш егілді. Мал шаруашылығы да шетте қалмайды. Аудан негізгі ет өндірушілердің бірі. Облыста 124 мың мал басы бар ірі қара мал саны бойынша аудан екінші орында.

Алматы әкімі Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, жақсы көрсеткіштермен қатар, шешуді талап ететін бірқатар проблемалар бар.

– Осы орайда, қарқынды технологияларды қолдану арқылы ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдау, тиімді ауыспалы егіс есебінен күрішті қайта өңдеу зауыттарын қайта жүктеуді қамтамасыз ету қажет. Сондай- ақ ауыл шаруашылығы басқармасына, аудан әкіміне ет пен сүтті қайта өңдейтін жаңа өндірістер құру жөнінде ұсыныстар енгізуді және өнеркәсіптік өндіріс көлемін ұлғайту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырамын, – деді Марат Сұлтанғазиев.

Тегтер: