Балқашқа да ұшақ қатынайды

30.05.2018, 00:59

12

Қазақстандағы туристік орталықтарды жандандыру, инфрақұрылымдар салу бір басқа да, оған жетудің жөні бір басқа.Мәселен, алыс­тағы Алакөлге бару үшін соншама уақыт жол жүріп баратынын естіген көпшілік жолдың қашықтығы мен сапасыздығын алға тартып, көп жағдайда бас тартатындарын айтатын. Бұдан былай Қазақстанның бірқатар туристік орталықтарына ұшақпен баруға мүмкіндік туып отыр. Еліміздің негізгі орталығы саналатын Астана мен Алматыдан бірнеше ішкі рейс Балқаш, Үшарал, Үржар қалаларына тікелей қатынайтын болады. Былтыр Алакөл көліндегі туризмді дамыту мақсатында Алматы облысы Алакөл ауданында жаңа әуежай ашылған еді. Бұл Қазақстандағы аудан орталығына салынған тұңғыш әуежай болатын. Мақсат түсінікті – еліңді көрем, жеріңді танимын деген қай туриске де жолдың жағдайын жасау. Көбіне Алматы мен Астананың маңайынан алысқа ұзамайтын келушілер енді жолды қиынсынбай, тағы екі қалаға еркін қатынайтын болып отыр.Қазақстанда туризмді дамы­тудың 2023 жылға дейінгі тұжы­рым­дамасына сәйкес, туристік орталықтардағы инфра­құ­рылым­дарды жетілдіру, сервистік қыз­мет­терді жолға қою сияқты шаруалар қолға мықтап алынады деп жиі айтылып жүр. Әуе рейстерінің іске қосылуы да осы бастаманың бір жемісі.Еліміздің әр түкпірінен және алыс-жақын шетелдерден келетін туристердің саны күрт өсетін жазғы демалыс маусымында «Южное небо» ґуе компаниясы Астана–Балқаш бағыты бойынша ұшақпен адам тасиды. Бұл бағыт бойынша алғашқы рейс 29 мамырға жоспарланып отыр. Билет бағасы – 9 мың теңге. Аталмыш компания Алматы–Балқаш бағытында да арнайы рейс ашып, билет бағасын 14 мың теңгеге бағалапты. «Южное небо» Астана–Үржар (19 500 теңге) және Алматы–Үржар (16 000 теңге) бағыттары бойынша қатынайтын болады. Ал «Жетісу» әуе компаниясы Алакөлге Астана–Үшарал (16 000 теңге) рейсін іске қоспақ. Сондай-ақ Scat ґуе компаниясы Алматы–Үшарал бағытында (9 мың теңге) тұрақты түрде жолаушы тасымалдайды.Бұл әуе қатынасының үш бағыты да Алакөл мен Балқаш көлдеріне жақын орналасқанын ескерсек, аталған екі көлге шомылушылар санының артып келе жатқанын болжауға болады.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39