Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:06, 08 Сәуір 2022

Балқашта экономика серпін алып келеді

None
None

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен Жаңғыру» атты Жолдауындағы тапсырмалар Балқаш қаласында қалай іске асырылуда?

 Кеше қала әкімі Қарағандыда журналистерге арнап брифинг өткізді.

Әлемде сағызша созылып келе жатқан  пандемияның ызғары Балқаш  экономикасына да бірқатар қиындық туғызған. Шағын қала экономикасының басым бағытын өнеркәсіп саласы қамтиды. Ковид әкелген дағдарыстан Балқаштың қаржы қазанын қайнатып тұрған «Қазақмыс корпорациясы» да жапа шекті. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің технологиялары бірқатар кідіріске ұшырап, жұрт қысқа уақытқа дағдарып қалған. Ал бұл қала бюджетіне кері әсерін тигізді. 10211 Балақаштық еңбек ететін кәсіпорын былтыр 592,3 млрд теңгенің өнімін шығарған. Бірақ, «Орнында бар- оңалар» демекші, есесіне шаhар өнеркәсіптері биыл 610 млрд теңгенің тауарын шығаруды межелеп отыр. Бұл былтырғы жоспардан 0,5 пайыз артық көрсеткіш. Өндірісті өлкедегі ауыл шаруашылығын негізінен халықтың жеке шаруашылықтары құрайды. Балқаш өңірінде ірі фермерлер яки, ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін азулы шаруашылықтар жоқтың қасы. Өткен жылы осы аймақтағы шаруа қожалықтары 2,4 млрд теңгенің мал өнімдерін игерген.

 Кез-келген тауар айналымының ахуалы тұрғындардың әл-ауқатына  әсер ететіні белгілі. Былтыр қалада карантиндік шектеулерге байланысты бөлшек сауданың  жалпы айналымы 29,2 млрд теңгені құраған.

-«Бұл өсу тенденциясы жалғасатын болады. Себебі, былтыр сауда және туризм саласында 150 млн теңгенің инвестициясы бойынша 12 жаңа жоба іске асты. Осының нәтижесінде 29 жұмыс орыны ашылды. Биыл жоспарды 32,1 млрд теңгеге жеткізуді көздеп отырмыз. Сонымен қатар, шағын кәсіпкерлікті ілгерлету -біздің негізі жұмыс.  Өйткені бизнесті дамыту қала экономикасын көтеруге едәуір ықпал ететіні сөзсіз. 2021 жылы шағын және орта кәсіпкерлік құрылымдары 4,3 пайызға артты. Бүгінде  10155 Балқаштық бизнес субьектілерде жұмыс істейді. Бұл біздегі халықтың  экономикалық белсенді тобының  33 пайызын құрайды. Қаржылық жағдайдың жақсаруына «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы оң әсерін тигізуде. Осы орайда айта кететін бір жәйт, былтыр «субсидиялау» құралы бойынша 1,1 млрд теңгенің, 69 жобасы, «кепілдендіру» құралы шеңберінде 265,1 млн теңгенің 37 жобасы қолдау тапты.  Ал, осы жобалар бойынша 40 жаңа жұмыс орындары ашылды,»-деп мәлімдеді Балқаш қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков.

Балқаштың негізігі несібесі-туризм саласы.  Қаланың курорттық аймағына Тораңғылық және Шұбартүбек кенттерінің жағалауы кіреді. Еліміздің «2019-2025-жылға арналған туризм саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес, Балқаш курорттық аймағы туристификация картасының алдыңғы ондығына енді. Демек, бұл келешекте  халыққа мол ырызық әрі пайда әкелетін сала болмақ. Қазіргі кезде «мемлекеттік тұрғын үй саясатын жүзеге асыру» қаланы дамытудың маңызды бағыты болып отыр. Былтыр курорттық өлкеде 16,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Жылдағыдан қарағанда жоспар 15,4 пайызға артығымен орындалған. Биылға 18,2 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы тұрғызылады. Оның 15,8 мың шаршы метрі яғни 155 пәтерді жеке инвестор, 2,5  мың шаршы метрлік 24 пәтер тұрғындардың қаржысымен салынбақ. Халықты баспанамен қамтуда көп балалы отбасылар қалыс қалмаған. 2021-жылы осы санаттағы 31 отбасы пәтер алған. Әкім Бақ өкілдерімен жүздесуде қаланың  инфрақұрылым жағдайын да шолып өтті.  Қала басшысының дерегіне сүйенсек, өткен жылы жаңадан 1 шақырымдық  екі жол салынған, ұзындығы 8 шақырымды құрайтын 9 көшенің көлік жолына жөндеу жасалған. Ел көп күткен жобаның бірі-аумағы 4660 шаршы метрлік автомобиль жолы да  ағымдағы өңдеуден өткен.

Тегтер: