Балын алып, егін салып болашағы нығайған...

04.08.2020, 13:14

5


      Үржар ауданы– шығыс өңірдің жері көрікті, топырағы құнарлы, табиғаты көздің жауын алатынаймақтарының бірі. Ауданның ауыл шаруашылығы саласының әр тарапта дамып кележатқаны жер ерекшелігінің қандай екенін аңғартып тұрғандай. Өрісін төрт түлікмалға толтырған, қойнауы құтты Үржардың дәнді дақылдың түр-түрі егілетіналқаптары да бірінен-бірі өтеді. Қарбыз, күнбағыс, бидайдан басталатын егістікжерлер қай ауылға ат басын тіресеңіз де, алдыңыздан шыға келеді. Аломарташылықпен айналысып, бал шаруашылығын дөңгелетіп отырғандар жайы тіптенбөлек.

                                      Омарташылар династиясы

 Солардың қатарында Жоғары Егінсу ауылын құттықонысына айналдырған «Владик» шаруа қожалығының иесі Анатолий Жучог пен інісі Владимирбар. Күннің аптап ыстығына қарамастан, 800-ге жуық ара ұяшықтарының күнделіктіөнім беруін бақылап, омарта алқабынан шықпайтын оларға бұл кәсіп атасынанәкесіне, әкесінен өздеріне дарыпты. Айтпақшы, олардың тау қойнауында да осындайшаруашылығы бар екен.

–      Арадан бал алудыңөз қызығы бар. Мәселен, осы жердегі омарта алқабындағы 400 ұяшықтың 200-ікүнделікті бал беруіне байланысты бақыланады. Ал басқа 200-ін келесі жылы өнімберу үшін қазірден дайындап жатырмыз. Алғаш рет бал өндіруді атамыз бастады. Алғашындажай әуестеніп жүрді де, біртіндеп қызығушылығы күшейе берді. Ол кезде 25-30шамасында ара ұяшығын ұстадық. Одан кейін әкеміз жалғастырып, одан бізге өткеліон жылдың жүзі болды. Қазіргі күнде карпат тұқымдас арадан бал өндіріп отырмыз.Олар 700 аналық ұяшыққа орналастырылған. Бұл жердегіден бөлек, тау аңғарындағытағы бір тұқымы асылдандырылған 700-ден астам омарта алқабымыз бар. Бұл үшін,әрине, ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан субсидия алып отырмыз. Жасыратыныжоқ, түсетін пайданың біраз бөлігі субсидияны өтеуге жұмсалады. Асылтұқымды араныңбір ұяшығын ұстауға 5000 теңге бөлінеді. Есептей келгенде біраз қаражат, әрине.Дегенмен ерінбей еңбек етсең, төгілген терің ақталады, – дейді В.Жучог.

      Шаруашылық басында назарымызды аударғаны күнбағысегістігі еді. Жолдың бір жағы ара омартасы болса, қарсы бетінде күнбағысжайқалып тұр. Алайда күнбағыс иесі басқа адам екен. «Ол азамат осы күнбағысыжақсы өнім беру үшін омарта алқабымызды осында орналастыруымызды сұрады.Есесіне екі жаққа да пайдалы. Аралар күнбағысқа қону арқылы өнім жинайды. Алкәсіпкердің күнбағысының шығымдылығы мен құнарлылығы 25-30 пайызға дейін артады»,– дейді Анатолий Жучог.

Қос омарташыныңайтуынша, бұл ертеден келе жатқан тәжірибе. Ал тау алқабында түрлі шөптеналатын ара балының өнімі бұдан да құнарлы болып келеді. Себебі онда жұмысшыаралар қонатын шөп түрі көп өседі.

                                       Ұқсатабілген ұтады

Үкімет тарапынан көрсетілетін қаржылай қолдауды ұқсатабіліп, бал өндіру арқылы тасы өрге домалай бастаған азаматтардың еңбекқорлығынаеш күмән жоқ. Ара балын өндіру үшін күтіп-баптаудың сан түрлі қызықтықұпияларын бөліскен ағайынды Жучогтардың сүбелі жұмысы кімге де болсын үлгіболарлық.

Журналистік сапарымда бірге ілескен Үржар аудандық ауылшаруашылығы және шағын кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ерзат Болатовтың айтуынша,аудан көлемінде ара балын өндірумен 130-дан астам шаруашылық шұғылданады.Олардағы 5000-ға жуық ара ұяларынан орта есеппен жылына 280 тонна бал өндіріледі.

    – Бүгінгі күні аудандаасылтұқымды ара шаруашылығын дамытумен айналысатын 11 омарташылар отбасы бар.  Оларда жалпы жиыны 4265 карпат тектесасылтұқымды ара ұялары бар. Асылтұқымды ара шаруашылықтарын қолдау мақсатындабылтыр 21,3 млн теңге бюджеттік субсидия бөлінген болатын. Ауданда өндірілгенбал өнімдері ауданнан тыс жерлерде, Алматы, Семей, Өскемен қалаларындасаудаланады.  Биыл да облыстық ауылшаруашылығы басқармасымен тиесілі субсидия көлемін беруге назар аударып отырмыз.Жалпы, осы бағыттағы шаруашылықтардың және егістік жерлерін күтіп-баптап жүргендиқандардың еңбегін қолдауға аудан әкімі Нұржан Тоқсейітов тікелей өзі ұйытқыболып жүр, – дейді Е.Болатов.

Егістік жерлер демекші, аудан бойынша биылғы егістіккөлемі 184 мың гектарға жеткізілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда өсімі 101пайыз болғанын көрсетеді. 60 мың гектар алқапқа дәнді дақылдар егілсе, 75 мыңы майлыдақылдардың еншісінде. Ал 45 мың гектары бау-бақша егумен айналысатындардыңүлесінде. Бұдан бөлек, 1000 гектарға соя егілген. Жалпы, егістіктен түсетін өнімдіэкспортқа шығару мәселесіне жыл сайын баса назар аударылады.  

Бөлім басшысы атап көрсеткендей, салыстырмалы түрдеалғанда 2017 жылы тоғыз асылтұқымды омарта шаруашылығы болса, қазір олардың жалпысаны – 11. Ал карпат тектес асылтұқымды ұялар саны осыдан үш жыл бұрын 2680болса, өткен жылы 4265-ке жеткен. Яғни ара балын өндірумен айналысуғақызығушылық танытатындар қатары артқаны байқалады. Олардың қайсысы болсын«Ұқсата білген ұтады» деген өмір ұғымына тереңдей ден қойғаны анық.



СәтжанҚАСЫМЖАНҰЛЫ

ШығысҚазақстан облысы



.


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 18:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 21:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 21:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16