Балық қырылған суды халық ішсе, не боларын Шөкеев білер ме екен?

07.04.2020, 13:12

10


Жуырда ғаламторда Шардара су қоймасында балықтардың қырылып жатқаны туралы видеопайда болды. Жасанды көлдегі шабақтардың жағаға шоғырланып, тосындау мінезкөрсеткенін алғаш болып балықшылар байқаған. Кейінірек жағалауда қырылғанбалықтардың видеосы да пайда болды. Іске дереу «Қазгидрометтің» мамандарыкірісті. 

Алдыменен Сырдария өзені мен Шардара суқоймасының бірнеше жерінен сынамалар алынды. Аталған мекеменің ресми сайтындажарияланған мәліметтерге қарағанда, сынамаларға бірнеше бағыт бойынша талдау жасалған.Оның нәтижелері бойынша Шардара суқоймасының «Қытай қалашығы жағажайы» және «Күміс жағажайы» нүктелерінен алынғансуда темірдің көрсеткіші нормадан 1,2-1,3 есеге жоғары, ал қалған нүктелерде қалыптыдеңгейде болып шықты. Осыдан кейін «Казгидрометтің» балықтардың қырылуына сусапасының қатысы жоқ деген тұжырым жасағаны байқалды. Бұл мәселеге жергіліктімамандар да пікір білдірді.  

Шардарада балық шаруашылығымен айналысатын «Хамит»кәсіпорны мамандарының жергілікті ақпарат құралдарына берген түсініктемесінеқарағанда,  су қоймасындағы шабақтар сапролегниозжәне ихтиофтириоз деген аурудан өлген. Оған биылғы қыстың жылы болуы себеп көрінеді.Қыста дұрыс тынықпаған шабақтардың көктемде иммунитеті әлсіреп, түрлі ауруғашалдығатынға ұқсайды.

Яғни, дүрлігетіндей ештеңе жоқ. Бәріқалыпты, балықтарға төнген апат жоқ. Бірақ мәселе тек балықта емес қой.Шардарадағы судың құрамында темірдің қалыпты деңгейден бір жарым есеге көпболуы судағы тіршілікке залалын тигізбегенімен, халықтың денсаулығына қауіптіемес пе? Өйткені дәл осы Шардараның суын қазір тұтастай Шардара қаласының халқыішіп отыр.

Жалпы, «Қазгидрометтің» Сырдария менШардарадан алынған суға қаншалықты деңгейде, қандай сапада талдау жүргізгенібізге белгісіз. Бірақ ғалымдардың Сырдариядағы судың жылдан жылға ластанып бара жатқанын айтып, дабылқаққалы қашан. Біз бұған дейін «Жас алашта» Су ресурстарынпайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал Сырдария бессейндік инспециясыбасшысының орынбасары қызметін ұзақ жылдар атқарған, Сырдариядағы проблемалардыкөптен бері зерттеп жүрген Өтепберген Қыстаубаевпен сұхбатымызды жариялағанболатынбыз.

Маманның айтуынша, Сырдарияның әртүрлі химиялыққалдықтармен ластануы бүгін ғана туындап отырған проблема емес. Бұл Одақкезінде де көп көтерілген. Мәселен, Ташкент қаласының барлық лас-шайынды суларыБозсу өзеніне тасталады. Бозсу Сырдарияға, ал Сырдария Шардараға келіпқұйылады.

 –1982 жылы Сырдарияөзенінде балықтар жаппай қырылды. КСРО Су шаруашылығы министрлігінен келгенкомиссиямен бірге Өзбекстанның шекарасынан Арал теңізіне дейін аралықтағыөзенді қайықпен жүріп бақыладық. Балық қырылатындай ластаушы ештеңе табылмады.Кейінен Шыршық қаласындағы зауыттардың біріндегі гальвани цехынан апатты жағдайсалдарынан өзенге қалдық су төгілген деген қорытынды жасалды. 2015 жылы ОңтүстікҚазақстан мемлекеттік университетінің ғалымы Ү.Бестереков Сырдарияның суындасынаптың көптігін, өзеннің суы тіпті егістік суаруға да жарамайтыны айтты. Солкезде биліктегілер ғалымның бұл зерттеуді НАТО-ның грантымен жүргізгенін алғатартып, елеусіз қалдырды.

Міне, сол 2015 жылы мамыр айында, 2016 жылы қаңтар-ақпанайларында Өзбекстаннан Сырдария өзенімен келген судағы сынаптың коцентрациясы мөлшерден40- 90 есеге дейін асты. Өзенге сынаптың Өзбекстан арқылы келетініне күмән жоқ.Біз Үкіметке хат бердік. Кейіннен сыртқы істер министрлігі арқылы Өзбекстанғахат жолдағаны туралы мәлімет келді. Аралды құтқару халықаралық қоры да бұданхабардар. Осы мәселе туралы профессор, академик Мәлік Бүрлібаевтың маған жазған жауап хатына қарағанда, Сырдарияда сынапбұрыннан бар. Ол Өзбекстанның Бекабад қаласындағы өндіріс орындарынан түсетінкөрінеді. Ұлттық ядролық орталық мамандарының ақпараттарына сенсек, Сырдариядабасқа да радиоактивті заттар кездеседі. Бұл заттар Нарын өзенінің бойындаорналасқан көптеген ескі уран өндіріс орындарынан келеді, –  деген болатын бізге берген сұхбатындаӨтепберген Қыстаубаев.

Ал Шардараның халқы қазіргі уақытта ауыз суды түрлі өндірістікқалдықтармен ластанған осы ашық су қоймасынан ішеді. Рас, су тазартылады. Бірақоның қаншалықты тазартылатыны белгісіз. Біз осы жөнінде шардаралық біртұрғынмен сөйлескен едік. Оның айтуынша, құбыр арқылы келетін су ішугежарамайды. Ол тек тұрмыстық мақсатта қолданылады. Ал ішетін суды тұрғындарсатып алуға мәжбүр.

–Ауыз суды айына бір-екі мәрте «водовозбен» сатып алып,оны арнайы ыдысқа құйып аламыз. Сол үшін су сататындарға пәленбай мың теңгебереміз. Басқа амалымыз жоқ, – деді тұрғын.  

Біз хабарласқан Шардара ауданы әкімінің орынбасарыНұрмахан Сапаров қалада ауыз судың өте өзекті проблема екендігін жасырған жоқ.

–Шардарада жер асты суларының болмауына байланыстыхалыққа ауыз су ашық су қоймасынан беріледі. Су тазарту торабы одақ кезіндесалынған. Ескі әдіс-тәсілмен жұмыс істейді. Бірақ қазіргі уақытта қалағаберілетін судың сапасына СЭС «ішуге жарамды» деген қорытынды берген. Бірақ тұрғындардыңкейбірінің суды сатып ішетіні рас, – деді әкім орынбасары.

Нұрмахан Сапаровтың айтуынша, Шардараға берілетін судыжаңа технологиямен тазартатын қондырғы орнату Президент әкімшілігініңбақылауына алынған. Жоба жасалып, сараптамадан өтіп қойған. Оның құны 3миллиард теңгеден асады. Бірақ бұл жобаға әзірге қаржы бөлінбеген. ЖуырдаШардараға жасаған сапарында облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев осы жобамен танысып,қаржы бөлдіруге уәде берген көрінеді. 

Қаншама әкімдердің, нешеме мемлекеттік бағдарламалардыңшарапаты тимеген  Шардарадағы ауыз сумәселесін Өмірзақ Шөкеев шеше ала ма, жоқ па? Бұл жағы белгісіз. Әзірге «балықтардыңиммунитеті әлсіресе де,  халықтың төзімі меншыдамы әлсіремесін» деп тілегеннен басқа амал жоқ сияқты.

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ,

Түркістан облысы



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 18:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 21:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 21:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39