Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:49, 05 Тамыз 2024

Бангладеш премьер-министрі жаппай наразылықтан соң отставкаға кетті

e
Фото: AP Photo / Kimimasa Mayama

Бангладеш премьер-министрі шейх Хасина жүздеген адамның өліміне әкелген жаппай наразылықтар кезінде отставкаға кетіп, елден шығып кетті. Бұл туралы BBC хабарлады.

Басылымның мәліметінше, бортында премьер-министрі бар тікұшақ Үндістанға қарай ұшқан. Алайда оның нақты қайда екені белгісіз. 

Оның отставкаға кететіні жарияланбас бұрын мыңдаған наразылық білдірушілер Бангладеш астанасы Даккадағы оның резиденциясына басып кіре бастаған.

Қазіргі уақытта мемлекет басында кім тұрғаны белгісіз. BBC тілшісінің хабарлауынша, армия қолбасшысы саяси партиялардың жетекшілерімен байланысып жатыр және жақын арада баспасөз мәслихатын өткізетінін мәлімдеген. 

Бангладеште шілденің басынан бері ауқымды наразылықтар жалғасуда. Демонстранттар 1971 жылы Пәкістаннан шыққан тәуелсіздік соғысы ардагерлерінің туыстарына мемлекеттік сектордағы жұмыс орындарының 30 пайызын сақтайтын квота жүйесін өзгертуді талап етуде. France 24 арнасының хабарлауынша, шерушілер мен қауіпсіздік күштері мен үкімет жақтастары арасындағы қақтығыс салдарынан кемінде 300 адам қаза тапқан. Жексенбі, 4 тамызда 100-ге жуық адам қайтыс болды, деп жазады AP.

Хасина Бангладеш үкіметін 2009 жылдан бері басқарып келеді.

Тегтер: