Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:08, 05 Тамыз 2024

Бангладештегі студенттер наразылығы кезінде 90 адам қаза тапты

к
Фото: REUTERS/Mohammad Ponir Hossain

Бангладеште жексенбі күні полиция мен премьер-министр шейх Хасинаның отставкаға кетуін талап еткен шерушілер арасында қақтығыс болып, кем дегенде 90 адам қаза тапты. Бұл туралы BBC хабарлады.

Қаза тапқандардың арасында 13 полиция қызметкері бар. Олар ел астанасы Даккадан солтүстікке қарай 100 шақырым жерде орналасқан Сираджгандж қаласындағы полиция бөлімшесіне жасалған шабуылда қаза тапты.

Мемлекеттік қызметтегі жұмыс орындарына квота жүйесін жоюды талап еткен студенттердің наразылығы шілде айында басталған. Осы уақыт ішінде 280-нен астам адам қайтыс болды.

Даккада полиция наразылық білдірушілерді тарату үшін көзден жас ағызатын газ бен резеңке оқтарды қолданды, ал премьер-министр елдегі мобильді интернетті өшіруді бұйырған.

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Фолькер Түрік Бангладеш билігін зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырды.

Ол сондай-ақ дүйсенбіде Даккада жоспарланған жаппай шеруге алаңдаушылық білдірді және одан әрі шиеленісу қаупі туралы ескертті.

«Үкімет наразылық қозғалысына бейбіт түрде қатысқандарды қудалауды тоқтатып, ұсталғандарды дереу босатып, интернеті қайта қалпына келтіріп, конструктивті диалог үшін жағдай жасауы керек», - деді ол.