Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:46

Бангладештің бұрынғы премьер-министрі Шейх Хасина өлім жазасына кесілді

Шейх Хасина
Фото: ашық дереккөз

Бангладеш соты елді 15 жыл басқарған, кейін Үндістанға қашып кеткен экс-премьер Шейх Хасинаға өлім жазасын тағайындады. Оған 2024 жылы тамызда болған жастар көтерілісін басу кезінде «адамзатқа қарсы қылмыс жасады» деген айып тағылған.

Аталған наразылықтар барысында полиция мен жасақ күшінің әрекетінен кемінде 1400 адам қаза тапқан. Көтеріліс басталғаннан кейін Хасина Үндістанға өтіп кеткен. Қазір Үндістан билігі бұрынғы премьерді Бангладешке экстрадициялаудан бас тартып отыр.

Шейх Хасина сот үкімін «фарс» деп атап, барлық айыпты жоққа шығарды.

Еске салайық, былтыр Бангладеште студенттер тәуелсіздік ардагерлерінің туыстарына берілетін жұмыс квоталарын алып тастауды талап етіп митингке шыққан. 

Тегтер: