Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:20, 01 Ақпан 2022

Банкідегі пақырды, әкім бол деп шақырды

None
None

2020 жылы Тоқаевтың жолдауынан бір ай бұрын саясаттанушы Досым Сәтпаев Қазақстанда әкімдерді сайлайтын кез келді деген еді.

Ал әкім сайлауының алғашқы пилоттық жобасын елдің ең ірі қаласы Алматыда өткізейік деген ұсыныс тастап еді. «Қоғам демократияға дайын. Әкім функциясын орталық тағайындайтын адамнан артық орындай алатын кандидаттар табылады. Халық өз елінің қожайыны өзі екенін қашан сезінер екен? Сондай мүмкіндік беріңдер!» деген еді ол.

Алматыда кеше әкім ауысты. Бақытжан Сағынтаевтың орнына Ерболат Досаев тағайындалды. Қысқасы, тағы да халық сайламаған біреудің орнына халық сайламаған біреу келді.

Қаңтар қасіреті билікке сабақ болмады. «Сағынтаев кетсін!» деген петицияның орнына алматылықтар енді «Досаев кетсін!» деген жаңа петицияға қол жинап жатыр.

Ерболат Досаев 2006 жылы денсаулық сақтау министрі болған кезде Шымкенттегі бірнеше ауруханада 149 бала ВИЧ-инфекция жұқтырды. Дәрігерлердің кінәсінен. Оның алдында 250 млн теңге тиімсіз жұмсалып, жарамсыз вакцина сатып алынған. Сол даудан кейін көзден таса болған ол 2012 жылы экономика министрі креслосына топ ете қалды да, ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге 25 жылға жалға беретін түзетулер ұсынып, 2016 жылғы жер сатуға қарсы митингтерге себепші болды.

2012-2013 жылдары Досаевтың есімі Қазақстанның ең бай адамдары тізімінде аталды. Соңғы қызметі – Ұлттық банктің төрағасы болатын. Енді әкім болып не тындыратынын көрейік.

– Басқа кандидат табылмағаны ма? Досаев бас зейнеткердің кадры, ірі мемлекеттік лауазымдарда отырғанда халықтың мүддесіне бас қатырмаған. Ел мен халықтың мүдесіне қарсы болған адам Алматы түгілі, ешбір ауылға да әкім болмауы керек. Осы тағайындаудан Қазақстан тұрғындарының өз билігін таңдай алмайтынын жақсылап көрсетті. Елдегі тағайындау жүйесінің сұмырай ұсқынын көрсетіп отыр. Қысқасы, қазақтарға дереу әкімдерді сайлау жүйесін енгізу керек. Бар билікті өз қолына алған президенттің кадрлық саясаты сұрақтар туғызып тұр, – дейді сарапшы Қазбек Бейсебаев.

Тегтер: