Банктегі есепшоты бұғатталған белсенділер полицияға барды

12.03.2020, 21:39

6

12 наурызда Алматыда бірнеше белсенді банктегі есепшотының ескертусіз бұғатталғанына наразылық білдіріп, қалалық полиция департаментіне барды. Олар банк анықтамасында мүлікті шектеген тұлға ретінде полиция тергеушісі көрсетілгенін айтады.

Банктегі есепшоты шектелгендердің бірі оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлин «мемлекеттік органның» ескертусіз жеке қаражатты бұғатқа қоюына қарсымын дейді. Саясаткер бұғаттауды оппозициялық саясаткер, қуғындағы бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовпен тікелей эфирге шыққанымен байланыстырады.

— 4 наурыз күні Мұхтар Әблязовпен тікелей эфир болды. Есепшоты бұғатталғандардың барлығы сол тікелей эфирге қатысқан. Демек, бұлардың аңдығаны Әблязов қой. Назарбаевтың, басқасының қорқып отырған нөмірі бірінші жауы — Әблязов. Соған жуып кетсең, байланыссаң болды, «сен экстремиссің» деп айыптайды, — дейді саясаткер.

«Шотымыз бұғатталды» деген белсенділер мен жақтастары полицияға келіп, ашық ақпарат беруді талап етті. Айтуларынша, тізімде 18 адам бар. Олардың арасында бұған дейін «саяси көзқарасым» үшін айыпталдым дегендер де бар.

Осыған дейін әлеуметтік желіде есепшоты бұғатталған оннан астам белсендінің үстінен «Тыйым салынған ұйымның ісіне қатысу» (Қылмыстық кодекстің 405-бабы) бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны да хабарланған еді.

Былтыр елде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы (Ал Еуропарламент резолюциясында бейбіт оппозициялық ұйым деп көрсетілген) ұйымының жұмысына қатысы бар деп бір жылға бас бостандығы шектелген Жазира Демеуова «пробациялық бақылау уақыты аяқталмаса да, сол бап бойынша тағы да қылмыстық іс қозғалғанын түсінбедім» дейді.

Жиналғандармен сөйлесуге Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов шықты. Ол «істі қарап жатқан тергеуші жұмыс орнында жоқ, есепшоттар уақытша шектеуден шығарылып жатыр» деді. Оның айтуынша, қылмыстық іс қозғалған.

— Іс тыйым салынған ҚДТ партиясының идеясын Алматы қаласы аумағында белсенді түрде қолдаған азаматтарға қатысты қозғалған, — деді ол. Бірақ ол нақты қанша адамның үстінен қылмыстық іс қозғалғанын айтпады.

Белсендінің көбінің есепшоты Kaspi bank-тен ашылған. Қаржы ұйымы "әлеуметтік желіде банк шоттарына уақытша тыйым салуға қатысымыз жоқ" деген ресми ақпарат таратты.

11 наурызда әлеуметтік желіде азаматтық белсенділер банктегі шоттарының бұғатқа түскенін жазған. Полицияға хабарласқан кезде істі тергеп жатқан полиция қызметкері оларды полиция департаментіне «шақырған». Белсенділер бұл жағдайды «саяси қуғындау, азаматтық белсенділерге қыр көрсету» деп атады.

Есепшоты бұғатталған белсенділердің көбі тіркелмеген «Көше» партиясының өкіліміз дейді. Олар елде тыйым салынған, Еуропарламент «бейбіт қозғалыс» деп атаған ҚДТ идеясын қолдайтынын айтады. ҚДТ жетекшісі оппозициялық саясаткер, қуғындағы бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов те әлеуметтік желідегі парағында «Көше» қозғалысын қолдайтынын айтқан.

Қазақстан соты 2018 жылы наурызда қуғындағы бұрынғы банкир, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов құрған "Қазақстанның ҚДТ қозғалысын «экстремистік ұйым» деп танып, ел аумағында қызметіне тыйым салғалы бері ондаған адам ҚДТ-ға қатысы бар деген күдікке ілінген, кейбірінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, жауапқа тартылған. Әблязов ҚДТ-ны «экстремистік» деп таныған сот шешімімен келіспейді және оның «саяси астары бар» деп санайды.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04