БАҚ: Ақтөбеде коронавирус жұққан әйел қайтыс болды

23.05.2020, 15:49

4

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Әсет Қалиев қалада коронавирус жұққан әйелдің қайтыс болғанын хабарлады. Бұл туралы Қазақстанның батыс аймағынан ақпарат таратын «Мой город» сайты жазды.

— Әйел инфекциялық ауруханада небәрі бір күн болған. Палатада кенет жағдайы нашарлаған. Дәрігерлер реанимациялық емдеу шараларын жүргізді, бірақ соған қарамастан жүрегі тоқтады. Клиникалық бақылау өкпе артериясы эмболиясының асқынғанын көрсеткен. Бұл коронавирус инфекциясымен байланысты емес. Науқас ПЦР тексеруден өтіп, коронавирус инфекциясы анықталған. Бірақ науқаста коронавируспен қатар көп ауру табылған. Жүрек-қантамыр ауруына шалдыққандар есебінде тұрған. Вирус науқастың жағдайының нашарлауына әсер етті ме, оны комиссия шешеді, — деді басқарма жетекшісі.

Соңғы мәлімет бойынша, Ақтөбе облысында 252 адамға вирус жұққан. Әсет Қалиевтің сөзіне қарағанда, 63 науқас стационарда жатыр. Екеуі — реанимация бөлімінде. Біреуінің жағдайы — өте ауыр, жасанды тыныс алу аппаратымен демалып жатыр. Екінші науқастың жағдайы — ауыр. Науқастар арасында 17 бала бар, 10-ы жазылып шыққан.

(Жаңалық толықтырылады).

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34