БАҚ: Арқалықта коронавирус жұққан зейнеткер қайтыс болды

26.04.2020, 23:31

4

Қостанайлық «Наша газета» басылымы 25 сәуірде Арқалықта коронавирус жұққан әйел адамның қайтыс болғанын хабарлады. Науқас 1937 жылы туған. Шұғыл ақпарат штабының мәліметіне сүйенген басылым әйелге ПЦР-анализ жасалғанын, 25 сәуірде коронавирус бары анықталғанын жазады. 20 сәуірде әйел қан қысымы көтерілгенін айтып, дәрігерді шақыртқан.

«Учаскелік дәрігер үйіне барып тексерген кезде әйелдің баяу тыныс алып жатқанын анықтаған, пневмония деген алдын ала диагноз қойған. Зейнеткердің ұлы анасын ауруханаға жатқызудан бас тартты» деді штаб өкілдері.

Зейнеткер 25 сәуірде үйінде көз жұмған.

Ал Қостанай облысы әкімдігі әйелдің өлімін денсаулық сақтау министрлігі жанынан құрылған арнайы комиссия тексеретінін хабарлады. Әр аймақтан құрылған мұндай комиссиялар коронавирус табылған адамдардың өлімінің себебін зерттейді. Әкімдік зерттеу қорытындысы қосымша хабарланатынын айтты.

Әзірге денсаулық сақтау министрлігі түсініктеме берген жоқ.

Қазақстанда ресми дерек бойынша, 25 адам коронавирустан қайтыс болған. 2601 адамнан коронавирус табылған. 646 адам жазылған.

/* BANNER 3 COLUMN */ #corona-banner-GR-1636 { background: url(https://gdb.rferl.org/07829361-768A-414D-98AE-F30F33BDF8DD.jpg) no-repeat center center; -webkit-box-align: center; -ms-flex-align: center; -ms-grid-row-align: center; align-items: center; background-size: cover; padding: 0 15px; text-align: center; height: 100px; -webkit-filter: brightness(80%) contrast(120%); filter: brightness(80%) contrast(120%); position: relative; float: none; } #corona-banner-GR-1636:after { content:''; position: absolute; width: 100%; height: 100%; background: rgba(0,0,0,.2); top: 0; left: 0; } #corona-banner-GR-1636 .banner__text { color: white; text-transform: uppercase; z-index: 1; text-shadow:1px 1px 8px rgba(0,0,0,.8); } #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 37px; line-height: .8; transition: all .3s; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 39px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 20px; line-height: .9; } @media(max-width: 480px) { #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 28px; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 30px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 15px; } } }

LIVE Коронавирус
Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16