БАҚ: Иранда 180 адам мінген ұшақ апатқа ұшырады

08.01.2020, 14:13

13

Иранның ресми және жартылай ресми ақпарат құралдары 8 қаңтарда Тегеран әуежайы маңында Boeing 737 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағанын хабарлады. Ұшақта 180 адам болған. Ұшақтың «техникалық мәселелерге» байланысты құлағаны айтылады.

Иранның мемлекеттік ақпарат құралдарына сілтеме жасаған Reuters агенттігі ұшақта болған адамдардың бәрі қаза болғанын хабарлады.

Иранның мемлекеттік Fars агенттігінің жазуынша, Украинаның халықаралық авиалиниясына тиесілі ұшақ Имам Хомеини әуежайынан әуеге көтерілген кезде құлаған. Boeing 737 Киевке ұшып шыққан.

Reuters-дің жазуынша, Иранның азаматтық авиация ұйымының ресми өкілі Реза Джафарзадэ мемлекеттік арналарға апат орнына құтқарушылар жіберілгенін хабарлаған. Оның айтуынша, ұшақта 170 жолаушы болған. Қанша экипаж мүшесі болғаны әзірге хабарланбады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39