БАҚ: Маңғыстауда бұрынғы басшы парақорлық айыбымен он жылға сотталды

28.08.2019, 02:00

5

27 тамызда Маңғыстау облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен облыс әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Серік Аманғалиев жемқорлық ісі бойынша айыпты деп танылып, он жылға сотталды деп хабарлайды жергілікті «ИнАктау» жаңалықтар сайты. Сот шешіміне сәйкес, Аманғалиев мемлекеттік лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды және жазасын қоныс колониясында өтейтін болады.

Азаттық облыстық соттан үкім туралы ақпарат ала алмады. «ИнАктау» басылымының хабарлауынша, соттағы соңғы сөзінде Аманғалиев судьядан өзін бас бостандығынан айырмауды, жазаның басқа түрін қолданып, айыппұл салуды сұраған.

Серік Аманғалиев 2018 жылғы қарашада Ақтау әуежайында ұсталған. Тергеушілердің болжамы бойынша, ол мемлекеттік — жекеменшік серіктестік аясында құны төрт жарым миллиард теңгеге бағаланған (11,7 миллион доллар) «инвестициялық жобаны жалпы қамқорлығына алғаны» үшін шетелдік құрылыс компаниясы өкілінен пара алған деген күдікпен ұсталған. Сол кезде жемқорлыққа қарсы қызмет Ақтауда мұз айдынын салуға қатыспақшы болған словакиялық кәсіпкер Ян Хованның «пара берген» деген күдікпен ұсталғаны туралы мәлімдеген. Жергілікті басылымдар оны Чехияда тіркелген H+H TECHNIKA компаниясының құрылтайшысы деп атаған.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Қазақстан билігі сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы арнайы заң мен түрлі бағдарлама қабылдап, «парақорлықпен пәрменді күрес жүргізіп жатқаны» туралы жиі мәлімдеп келеді. Билік елде жемқорлықпен күрес бағдарламалары жүзеге асып жатқаны туралы үнемі айтады.

Берлинде орналасқан Transparency International халықаралық ұйымының биыл қаңтарда жариялаған Жемқорлық индексінде (CPI) Қазақстан 124-орында тұр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34