БАҚ: Пхеньян тағы да зымыран ұшырды

10.09.2019, 19:00

10

10 қыркүйекте Cолтүстік Корея Жапон теңізіне қарата екі зымыран ұшырды деп хабарлады Оңтүстік Корея әскерилері. Пхеньян ядролық бағдарламасының болашағы туралы АҚШ-пен келіссөздерді жалғастырмақ ниеті барын білдірген соң іле-шала зымыран ұшырған деп хабарлады «Америка дауысы».

Солтүстік Корея зымырандарының қай аумаққа түскені туралы әзірге ақпарат жоқ.

Жапония қорғаныс министрлігі ел аумағына Солтүстік Корея ұшырған зымырандар түскені туралы мәлімет жоғын, қазіргі кезде ұлттық қауіпсіздігіне төтенше қауіп төніп тұрмағанын хабарлады.

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея арасындағы шекарада кездескеннен кейін Пхеньян осымен сегізінші мәрте зымыран сынағын өткізді.

«Америка дауысы» радиосы АҚШ әкімшілігінің жоғары лауазымды өкілінің «Біз Солтүстік Кореяның зымыран ұшырғанынан хабардармыз. Біз жағдайды бақылап, аймақтағы одақтастарымызбен кеңесіп отырмыз» деген сөзін келтірген.

Сеул Пхеньянды баллистикалық зымыран ұшыруды тоқтатуға шақырып келеді. Оңтүстік Корея билігі зымыран сынағы Корей түбегіндегі шиеленісті азайтуға септесе алмайды деп санайды. Пхеньян зымыран ұшыруды көрші елге АҚШ-пен әскери саладағы ынтымақтастығы үшін жасалған ескерту деп атаған.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27