БАҚ: Қамаудағы білім вице-министрі процестік келісімге өтініш берді

04.07.2019, 09:00

4

«Пара алды» және "қызмет өкілетін асыра пайдаланды" деген күдікпен қамалған Қазақстан білім және ғылым министрінің орынбасары Эльмира Суханбердиева тергеу орындарымен процестік келісім жасауға өтініш берген. Бұл туралы Жемқорлыққа қарсы агенттік жетекшісі Алик Шпекбаевқа сілтеме жасап Tengrinews сайты хабарлады.

«Министр орынбасарының процестік келісім жасауға әзір екені туралы қорғаушы адвокаты арқылы берген өтініші ескерілді. Істі жеделдетіп сотқа жібердік» деген Шпекбаев.

«Сот кабинеті» жүйесіндегі ақпаратқа қарағанда Эльмира Суханбердиеваның ісі Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық №2 сотына түскен.

2018 жылдың қыркүйек айынан бастап білім және ғылым министрінің орынбасары болып істеген Эльмира Суханбердиева сот шешімі бойынша 5 маусымда екі айға қамалған.

Білім саласына қатысы бар тағы бір қылмыстық іс бойынша күдікке іліккен Ұлттық тестілеу орталығының бұрынғы бас директоры Рамазан Әлімқұлов та қамауда отыр. Мамыр айында Нұр-Сұлтан сотының шешімімен шілденің 20-сына дейін тұтқынға алынған Әлімқұлов «делдалдар арқылы жүйелі түрде ірі көлемде пара алған» деген күдікпен ұсталған.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34