БАҚ: Қарағандыда серігі тұншықтырып өлтірген әйелдің мәйіті табылды

31.07.2019, 09:00

4

Бүгін, 30 шілдеде Қарағандыда тұрғын үйлердің маңынан 29 жастағы әйелдің денесі табылды. Бұл туралы қалалық полиция департаментіне сілтеп, inform.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Полицияның хабарлауынша, әйелді бірге тұратын серігі қызғаныштан тұншықтырып өлтірген. «30 шілде күні 13.30-да Қарағандыдағы тұрғын үйлердің маңынан 29 жастағы азаматтың мәйіті табылды. Полиция күдікті ретінде 27 жастағы бірге тұратын серігін ұстады» деп жазады департаментке сілтеген басылым.

Полиция хабарында «Шұғыл тергеуден соң күдіктінің кінәсін айғақтайтын дәлелдер табылды. Мұнан соң күдікті қызғаныштан туған жанжал кезінде әйелді тұншықтырып өлтіргенін мойындады» деп жазылған. Қылмыстық кодекстің адам өлтіру бабымен іс қозғалған.

Қазақстанда өткен аптадан бері әйелдердің жыныстық зорлыққа ұшырауы не туысы мен танысынан қысым көргені туралы хабар жиілеген.

Бүгін, 30 шілдеде Алматы полициясы «күйеуім мен серігі ұрып-соқты» деген әйелдің шағымы бойынша бас бостандығынан заңсыз айыру бабымен іс қозғағанын хабарлады. 28 шілде күні «НеМолчи.kz» ұйымы алматылық әнші Ксения Әшіғалиеваның үндеуін жариялаған. Денесі көгерген әйел видеода «Бұрынғы күйеуім алдап ұрлап әкетті. Жертөлеге қинап кіргізіп, досымен бірге аусыз ұрып-соқты» деген. Ұйымның желідегі жазбасы қазір өшірілген. Tengrinews.kz порталы екі күннен соң, 30 шілдеде Әшіғалиеваның күйеуі Бауыржан Әшіғалиевтің видеосын жариялаған. Ол әйелімен арада жанжал болғанын растағанымен, оны "ұрып-соққаны, қоқан-лоққы көрсеткені" туралы айыптауларды жоққа шығарады.

26 шілдеде Қостанай соты «Тұлпар-Тальго» пойызында ақтөбелік әйелді зорлады деп айыпталған екі жолсерікке үкім шығарған. Судья Оразбай Сатыбалды айыпталушылар Жетес Үмбеталиев пен Қолғанат Құрманиязовты Қылмыстық кодекстің 120-бабының 1-бөлігі («Зорлық») бойынша кінәлі деп танып, 2,5 және 2 жыл үш айға соттады. Мұның алдында прокурор оларды алты жылға соттауды сұраған еді.

Кеше, 29 шілдеде Facebook желісінде адвокат Жохар Өтебеков пен Қазақстанның бас көлік прокуроры Ернат Сыбанқұловтың осы іске қатысты жазбалары пайда болды. Адвокат жазбасында прокуратураның сот үкімін апелляцияға беріп, жолсеріктерге «топтап зорлау» бабымен 6,5 жыл кесуді сұрағаны айталады. Сыбанқұлов "Қостанай соты үкімінің қаншалық заңды әрі негізді екені тексеріліп жатыр" деп жазады.

26 шілдеде Алматы облысы Жауғашты кентіндегі әйелдер колониясында 2017 жылдың наурызынан бері бопсалау бабымен сотталып, жазасын өтеп жатқан трансгендер Виктория Берікходжаева түрмеде бірнеше рет зорланғанын айтқан. Адвокат Айман Омарованың сөзінше, қорғауындағы азаматты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері зорлаған. ЛА-155/4 мекемесінің басшысы Думан Рахманов Азаттыққа полицияның тергеу бастағанын растаған.

Ресми дерек бойынша, Қазақстанда да жыл сайын 400-ге тарта әйел тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болады. Қазақстан прокуратурасының ресми дерегіне қарағанда, 2019 жылдың алты айында әйелді зорлау бабымен 647 іс өндіріске түскен. Бірақ 159 жағдай (25 пайызы) сот қарауына жіберілген. Қазақстандық құқық қорғаушылар «тұрмыстық зорлық көрген әйелдер шағымдануға бейіл емес» дейді. Олардың сөзінше, Қазақстанда зорлық жасағандарға кесілетін жаңа жеңіл.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34