Бақ қонған батырлар ауылы

07.05.2020, 12:31

3

Кеңес өкіметінің тұсында Шығыс Қазақстаноблысы Абай ауданы Арқат ауылының атағына қызығып қарайтындар көп еді.  Арқаттың жақсы атағы жайлы аңыз да, әңгімеде, тарихқа енген ақиқат та баршылық. Көзіқарақты қауым Арқат десе, тарихтықозғап тереңнен толғайды.

 Арқат ауылының тарихы да ерекше,табиғаты да ғажап. Елдің айтуынша, кезінде Қозы Көрпеш – Баян сұлу аңызындағыҚозыны іздеуге шыққан ағасы Айбас батыр жолда  астындағы аты арықтап, осыауылдың маңына тоқтаған екен. Содан «арық ат» деген ат алған, кейінненфонетикалық өзгеріске ұшырап, Арқат аталып кеткен деседі. Арқат ауылы небіртекті тұлғалар өмірге келген өлке.  Арқаттан шыққан Кеңес Одағының Батырлары ЗәкарияБелібаев, Серікқазы Бекбосынов, Баян  Байғожиналар бүгінде ел мақтанышы.  Ал алақандай ауылдан майданға 186 азаматтыңаттануы да қазіргі ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиетті дарытатындай үлгі. Бұданбөлек, ауылдан шыққан еңбек ерлерінің адал еңбек, маңдай терімен өсіп-өнгені дежастарға өнеге болып келеді.  

 Жалпы, Арқат жайлы сөз еткен халық «бұлкие дарыған ауыл» деседі. Олай деуге себеп – бұл аймақ сонау Абайдың жолынанбасталып, Мұхтар, Шәкерім, Шоқандардың табаны тиген, әрісі Құнанбайлар билікайтқан қасиетті мекен. Заманында ұлы ақын Абай Құнанбаев осы Арқат ауылыпоштасынан маңызды хаттар алып тұрған.  АқынАбайдың да Арқат өңірінде халықты жинап, билік-бітім айтқан тарихи орындарыбар. Кеңес өкіметі тұсында, 1979жылы көркемдік жа­ғы­нан өте жоғары бағаланған «Жаушы» фильмі де осы Арқат өңірінде түсірілген. Мұхтар Әуезовтің «Абайжолы» романында Арқат тауларының көркемдігі мен кербездігі жайлы көп жазылған. Талайалып тұлғаның табаны тиген осы өңір жайлы бүгінде жергілікті тұрғындар аңызқылып айтқанымен, көпшілік қауым «ауылдың тарихы көмескіленіп кете ме» деп алаңдайды.Сондықтан біз ҰлыЖеңістің 75 жылдығында осы бір алақандай ауылдан шыққан Кеңес Одағының Батырларыжайлы сөз етуді жөн көрдік.

        Батырдыңесімі берілген ауыл

  Арқатөңірі десе,  алдымен Кеңес Одағының БатырыЗәкария Белібаевтың есімі  аталады. Зәкария Белібаев 1917 жылы 9мамырда Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Абай ауданы Арқатауылында дүниеге келген. Майдангер 1941 жылдың маусым айынан бастап шайқасқақатысқан. Орталық майданда 18-ші жеке понтон-көпір батальонында понтон салатынжауынгер болған. Қатардағы жауынгер Зәкария Белібаев 1943 жылы қыркүйек айыныңсоңында Киев қаласынан солтүстікке қарай орналасқан Днепр өзенінен өту кезінде ерекшебатылдығымен көзге түседі. Ол бөлім командирі жараланған сәтте оны алмастырып,әскерді өзеннің оң жақ жағалауына бірінші болып өткізген. Бірнеше тәулік бойытөпелеген жау оғының астында жүріп жеке құрам мен техниканы бағыттап отырған.Судан өтетін салды жөндегенде де аса ептілік танытып, әскерін аман-есен алыпшыққан.

 Жауынгерге Кеңес Одағының Батыры атағы 1943 жылы 17 қазанда КСРО ЖоғарғыКеңесі президиумының жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы  берілген. Ол сондай-ақ Ленин орденінің, ІІдәрежелі «Отан соғысы» төсбелгісінің, бірнеше медальдің иегері. Кезінде бүтінбір совхоз Зәкария Белібаевтың атымен аталды. Қазір де аудан орталығындаЗәкария Белібаевтың атымен аталатын алаң бар. Бұдан бөлек, Семей өңіріндегі ең ұзынкөшелердің бірі Зәкария Белібаевтың атында. Ал былтыр Алматы қаласы Наурызбайауданында Зәкария Белібаевтың атына көше берілді. Бүгінде шалғайдағы Арқаттыңтұрғындары әрбір 9 Мамыр сайын батырдың туған күнін атап өтіп, ауылдағыбатырларға құран бағыштап, ас беріп, үлгі-өнеге көрсетуде.

                                      Ұрпаққаүлгі Бекбосынов

  Арқат өңірінде 1925 жылы дүниеге келген тағыбір батыр – Серікқазы Бекбосынов.  Ол 1943 жылы Қызыл армия қатарына шақырылады. Әуе-десант бөлімшесінде оқығаннан кейін СерікқазыБекбосынов 99-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының 330-шы гвардиялық атқыштарполкының атқышы, гвардия қызыл әскері атанды.

1944 жылы маусым айыныңбасында 37-ші гвардиялық атқыштар корпусы құрамында Карель майданына келеді.Карель майданының Свирь-Петрозаводск операциясы 1944 жылы 21 маусымда 7-шіармияның Свирь өзеніне шабуыл жасауымен басталды.  Үш сағатқа созылғанавиациялық және артиллериялық әзірліктен кейін 37-ші гвардиялық атқыштаркорпусының 16 комсомол-гвардияшылары (99-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының300-ші гвардиялық атқыштар полкының 12 жауынгері және 98-ші гвардиялық атқыштардивизиясының 296-шы гвардиялық атқыштар полкының)  төрт жауынгері біріншіболып өзеннен өтті.  Жауынгер-гвардияшылар өз салдары мен қайықтарын қарсыжағалауға қарай итермелейді. Бұл өзеннен өтудің жалған көрінісі еді, ондағымақсат – жаудың отты нүктелерін анықтап, жою.  

  Гвардияшылардың үздік әскери дайындығыолардың әскери тапсырманы сәтті орындауға көмегін тигізді. Барлық қайықтар менсалдар өзен ортасына жетпей, жау артиллериясының оғынан жойылып кетті.Бекбосынов және оның жауынгерлері жау жағындағы жағалауға жүзіп өтті, ешкім дежараланған жоқ. Жағалауға шыққаннан кейін Бекбосынов шұңқырдың бірінен орынтепті. Көп кешікпей оған басқа гвардияшылар қосылды. Бекбосынов пен Юносовбіраз барлаудан кейін жағалау траншеясына жетіп, қарсыласқан фашистерге гранатамен автомат оғын жаудырды. Гвардияшылар алдында тұрған әскери тапсырма сәттіорындалды. Өзіне жау оғын қабылдаған батыл да ержүрек жауынгерлер ерлігі жаудыңотты нүктелерін жоюға көмегін тигізді. Соның арқасында біздің шабуылдаушы топтарСвирьді тез арада басып алды.

   1944 жылы 21 шілдеде КСРО Жоғарғы Кеңесініңжарлығымен неміс-фашист басқыншыларымен ұрыста әскери тапсырманы үздік орындап,ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсеткен гвардия қызыл әскері  Серікқазы БекбосыновқаКеңес Одағының Батыры атағы берілді. Қазір Арқат ауылындағы 11 жылдық ортамектеп Серікқазы Бекбосыновтың атымен аталады. Бүгінгі ауылдағы жас ұрпақ  Бекбосыновтың ерлігін есінен бір сәтке де шығарғанемес.

              Бір өзі 24 фашисті өлтіргенқаршадай қазақ қызы

  Арқат өңірінен шыққан тағы бір батыр Баян Байғожина еді. Ол Әлия Молдағұлова мен МәншүкМәметовадай ерлік көрсеткен Арқат өңірінің даңқты қызы болды. Соғыс басталғандаБаян он жетідегі балауса қыз еді. Алматыда оқып жүрген студент болатын. Өзісұранып, майданға аттанды. Белоруссия мен Польшаны жаудан азат етуде ерлігіменкөзге түсіп, фашизмнің ордасы Берлинге дейін барады. БаянБайғожина «Даңқ» және «Ұлы Отан соғысы» ордендерін иеленеді. Ефрейтор-атқыш«11» АП құрамында 1945 жылға дейін жаумен ерлікпен шайқасқан.

   Баян Байғожина жөнінде белгілі жазушы Павел Кузнецов«Шыңғыстаудың Баяны» деген мақала жазып, «Москвадан – Берлинге дейін» аттыкітабында Баян туралы естелік жазған. Кузнецов Баянды былай суреттейді: «Төгілгенұзын шашын айқастыра ұстап, солдат бөркін баса қиген қарақат көзді Баянның жүзіҚазақстанның күн сәулетті кең жайлауынан жаңа ғана келгендей қошқыл тартқан. Біз оныменГанденбургте, Виллинштрасседе қашуға үлгермеген неміс Бюргерінің салтанатты кеңүйінде кездестік. Шын пейілімен әңгімелесе отырып, Н. атқыштар полкының ефрейторыБаян Байғожинаның өмір тарихын білдім. Баян әскерге өз еркімен келген екен.Алғашқы кезде жолы болмапты. Көздеген жеріне жетпей, эшелондарына неміссамолеттері тап береді. Сонда жараланады. Жараланған Баян госпитальда қалабереді. Көп ұзамай сауығып, өз дивизиясы емес, жол батальонынажіберіледі».
     Майданда Баянның даңқытез тарайды. Ол тоғыз жолдың торабы болған бір көпірді қорғауда тапсырманыойдағыдай орындағаны үшін «Қызыл жұлдыз» орденін алды. Бұл ұрыста ол тосқауылдатұрып, бір өзі тоғыз немісті өлтіреді. Ұрыс алаңындакөрсеткен ерлігі үшін ол екінші рет «Даңқ» орденімен марапатталады.
      БаянБайғожина арпалысқан ұрыстарда Белоруссияның, Литваның, Польшаның жерін жауданазат етеді. Бірде Гинденбургтың іргесіндегі қыстақтарда қатты ұрыс болады. Немістерүйдің шатырынан бастап, жертөлелерге дейін оқ жаудырады.Снарядтың жарықшағы Баянның бетіне тиеді. Командир Баянға дәрігерлік батальонғабаруға бұйырады, бірақ Баян ұрыс даласынан кетпейді. Осы арада Баян тағы он беснемісті жойғаны үшін «Отан соғысы» орденіменнаградталады. Бұдан кейін майдан алаңдарында Баян Байғожинаның «бір өзі 24немісті өлтірген қаршадай қазақ қызы» деген атағы тарайды. Баян Байғожина Ұлы Жеңіске 12 күн қалғанда, 24 сәуірде ерлікпен қаза табады. Ол Гинденбургқаласында жерленген.

    Жалпы, алақандай ауылдан 186 адам соғысқааттанған. Олардың 144-і ауылға оралмай, қан майданда шейіт болған.

    Бұдан бөлек, бейбіт заманда ауылдан шыққан  еңбек ерлері Болат Бағдатов,  Оразғали Қазанбаев, Жұмағайша Жакина, ШығысӘзімбаев, Өртқали Қасымжанов, Бөкенбай Әбжановтар да ауылдың мерейін өсіретүсті. Арқат ауылын Шығыс Қазақстан облысының халқы «Батырлар ауылы» деп атайды.Кезінде бұл ауылға Қонаевтың өзі «Арқаттың қатпар-қатпар таулары ойыңдышарықтатып, ауасы санаңды тазартса, халқы жаныңды жадыратады» деп баға берген.Қазір аталмыш елді мекенде 1000-ға жуық адам тұрады. Әлі де береке-бірлігіжарасқан құтты мекен ырыс-ынтымағынан ажырамай, елге танымал талай дүлділдітопқа қосып келеді.

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ, 

«Жас Алаш» 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

11.08.2020, 13:22
Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар
07.08.2020, 12:39
Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ
06.08.2020, 13:36
«Біздің әкім белсенді»
04.08.2020, 13:05
Диқандар неге ашулы?
30.07.2020, 13:14
«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті
29.07.2020, 13:57
Алматыда құрбандыққа шалынған мал етін мұқтаж жандарға жеткізу ұйымдастырылады

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34