БАҚ: Қытай LinkedIn желісі арқылы өзіне шетелден тыңшылар тартады

29.08.2019, 02:00

4

Қытай арнайы қызметтері шетелдік тыңшылар мен бұрынғы мемлекеттік қызметкерлерді арбау үшін LinkedIn әлеуметтік желісін пайдаланады. Бұл туралы америкалық және шетелдік барлау қызметтеріндегі дереккөздеріне сілтеп, The New York Times газеті хабарлады.

Газетке сұхбат берген дереккөздердің айтуынша, соңғы жылдары мемлекеттік институттарда істейтін қызметкерлер Қытайдан табысты жұмыс істеуге шақырту алған. «Бұл тыңшы болуы мүмкін адамды Қытайға шақыру үшін жасалады» дейді дереккөздер.

The New York Times жазуынша, АҚШ-та соңғы кездері тыңшылық бабымен жауапқа тартылатындар көбейген. Биыл көктемде Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) қызметкері осындай айыппен 20 жылға сотталған. БАҚ-тың жазуынша, оның Қытаймен серіктестігі LinkedIn желісінде басталған. Қытай арнайы қызметтерінен келетін хат туралы Дания сыртқы істер министрлігі де ескерткен.

Бұған қатысты пікір білдірген LinkedIn компаниясының басшылығы «күмәнді аккаунттарды саралаумен арнаулы басқарма айналысатынын» айтады. LinkedIn — бос жұмыс орнын іздеп, іскерлік байланыс орнатуға арналған әлеуметтік желі. Қазір әлеуметтік желіде 200 мемлекеттен 150 саланың өкілі ретінде тіркелген жүздеген миллионнан аса қолданушы бар.

/*Telegram*/ #gr-961-tel { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-tel img { width:130px; } #gr-961-tel:hover { outline:2px solid #61a8de; text-decoration: none; } #gr-961-tel .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-tel span { color: #61a8de; } #gr-961-tel p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Telegram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27