БАҚ: Ресей арзан мұнай мен коронавирустың зардабын азайтқысы келеді

16.03.2020, 22:55

8

Ресей билігі арзан мұнай мен коронавирустан зардап шеккен экономикасына қолдау көрсету үшін осы аптада жаңа шара жариялауы мүмкін. Бұл ақпаратты «Ведомости» газеті таратты.

Аты-жөнін атамаған жоғары лауазымды екі шенеуніктің мағлұматына сүйенген газеттің жазуынша, Мәскеу Ресей экономикасы мен жеке азаматтарды қолдау үшін 300 миллиард рублі бар (4 миллиард долларға жуық АҚШ доллары) қор құруы ықтимал.

Бұл шара арқылы коронавирусқа байланысты карантинде болған адамдарға өтемақы және әуе тасымалы мен туризм саласындағы индустрияға салық жеңілдігін беру көзделеді. Бизнестің өзге салаларына да жеңілдік берілуі мүмкін.

«Газпром» және «Роснефть» сияқты мемлекеттік компаниялар да дивиденд төлемін алты айға дейін шегере тұруға мүмкіндік алады. Ресейдің 2020 жылға арналған федералды бюджетіне жоспар бойынша мемлекеттік компаниялардан жыл ортасында 7,4 миллиард доллар дивиденд түсуі тиіс.

Қазіргі уақытта Ресейде 63 адамның коронавиурс жұқтырғаны анықталған.

7 наурызда мұнай өндіруші елдер ұйымы (ОПЕК) және Ресей мұнай өндіруді азайту бойынша келісімге келе алмай халықаралық нарықта мұнай бағасықұлдыраған.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16