Бақауов батыр аналардан «қорықпайтын» әкім екен

15.02.2019, 02:34

3

Бүгін Павлодар қаласында облыс басшысы Болат БАҚАУОВ «Нұр Отан» партиясының филиалында көп балалы аналармен кездесті. Бұл туралы Жас Алаш сайтының өңірдегі тілшісі хабарлайды.Аңшылығымен де көпшілікке таныс облыс әкімі әзірше көп балалы аналармен кездескен бірінші әкім. Әлде өзінің есебін тыныш өткізгісі келдіме екен, әйтеуір, есеп алды жиынның алдында  Бақыт СҰЛТАНОВ, Бауыржан БАЙБЕК, Қырымбек КӨШЕРБАЕВ, Бердібек САПАРБАЕВ, Ерлан ҚОШАНОВ сынды орынбасарларын жібермей кездесуге өзі келді.Әкіммен кездесуге келген көп балалы анлардың қатары көп болды. Олар пәтер алу, жәрдемақы, тегін дәрі-дәрмек және қоғамдық көліктердегі жеңілдіктер мәселесін сөз қылды. Аналар үй алуда мемлекеттік бағдарламалардың тиімсіз екендіктерін жеткізді.«Бізде басты үш проблема бар. Олар: баспана алу, көп балалы аналарға төленетін жәрдемақы. Мен жалғыз басты көп балалы анамын. Бір өзім төрт баланы асырап отырмын.Мемлекеттік тұрынғын үй бағдарламасына қатыса алмаймын. Себебі, менің табысым бастапқы жарнаны төлеуге жетпейді», — деді Динара САЛИКОВА. Аналар жәрдемақы бала бір жасқа толғанға дейін төленетінін, ал балабақшалар бүлдіршіндерді үш жастан бастап алатынын да жеткізді. Облыс басшысы Болат Бақауов көп балалардың мәселесі үкімет және жергілікті жерлерде де шешілетінін айтты. Және әр квартал сайын олар мен орынбасарлары, ал жарты жыл сайын өзінің кездесіп тұратынына сөз берді.Фотолар: pavon.kz, zakon.kz
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34