Бақсының "Кремль жорығына" қатысқан бір адамды Қазақстанға депортациялағаны хабарланды

27.09.2019, 14:00

12

«Путинді Кремльден аластау» үшін жолға шығып, кейіннен ұсталған саха бақсысы Александр Габышев тобында болған бір адамды Қазақстанға депортациялады деп хабарлады ресейлік «ОВД-Инфо» құқық қорғау тобы. Оның құжаттары дұрыс болмаған.

Ақпарат бойынша, 58 жастағы Валентин Викторович Ермаков есімді Қазақстан азаматын полиция 24 қыркүйекте ұстап, сол күні Иркутск соты 2000 рубль көлемінде айыппұл салып, елден шығару туралы шешім шығарған.

Интернетте тараған видеода «бақсы тобында болған» Валентин Ермаков есімді азамат "өзін полицияның ұстап, әкімшілік жазаға тартқанын, бақылаушылардың көмегімен елден депортациялап жатқанын" баяндайды. Видео мазмұнына қарағанда ол Петропавлда тұрады.

Әзірге Қазақстанның ресми орындарынан жауап ала алмадық.

Саха бақсысыАлександр Габышев наурыз айында «Путинді Кремльден аластау үшін» Мәскеуге жаяу-жалпылап жолға шыққан еді. Оны полиция Бурятия мен Иркутскі облысының шекарасы маңында 19 қыркүйекте ұстады.

20 қыркүйекте таңертең Якутск қаласына әкеліп, кейіннен психиатриялық сараптамаға жіберген. Оның үстінен «экстремизм» бойынша қылмыстық іс қозғап, елден кетпеу туралы қолхат алған. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұған дейін Габышевтің ұсталуына «Кремльдің еш қатысы жоғын» айтты.

Ізінше полиция «жол ережесін бұзды» деген айыппен бақсы тобының алты мүшесін, «төбелеске байланысты» төрт мүшесін ұстап, кейіннен босатқан.

Габышев ұсталғаннан кейін оның «Кремльге жорығын» жалғастырмақ болған жақтастары 25 қыркүйекте «ФСБ -дан қысым көргенін» айтып, отрядты таратып, сапарды аяқтауға мәжбүр болғанын хабарлады.

Amnesty International адам құқығын қорғау ұйымы саха бақсысын «ар-ұждан тұтқыны» деп атап, оны босатуды талап етті. Ұйымның Мәскеудегі өкілдігі биліктің реакциясын «абсурд» деп атап, кез келген азамат сияқты Габышевтің де саяси көзқарасын айтып, діни рәсімдер жүргізуге құқығы бар екенін жеткізген.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Ахметовтің кадр саясаты ақсай бастады
    21:08
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13