Бақсының Мәскеуге жорығын жазған блогер 10 тәулікке қамалды

24.02.2020, 22:43

6

Якутск қалалық соты бақсы Александр Габышевтің Мәскеуге жорығы жайлы жазған блогер Сергей Тихийді (Попов) 10 тәулікке қамау туралы шешім шығарды. Бұл ақпаратты «Правозащита Открытки» тобының үйлестірушісі Алексей Прянишниковке сілтеп «Сибирь.Реалии» сайты таратты.

21 ақпанда Якутскідегі үйінен қамауға алынған Тихийге «полиция қызметкерлеріне бағынбады» деген айып тағылған. Полиция оның үйіне «бұзақылық жасады, балаларға ұрысты» деген хабар түскен соң барғанын айтқан. Блогер бұл айыпты теріске шығарды. Бірақ сот оқиғаны нақтылайтын видеожазбаны көруден бас тартқан. Тихийді ұстаған кезде толтырылған хаттамада себебі жазылмаған.

Тихий бақсы Александр Габышевтің Мәскеуге жорығы жайлы репортаж жасап, әлеуметтік желіге салып жүрген еді. Бақсы тылсым күштердің құдыретімен Владимир Путинді Кремльден аластауға уәде берген. Габышевті қолдау үшін жол бойында бірнеше рет акция өткен болатын. Екі мың шақырымға жуық жол жүрген соң, 2019 жылдың қыркүйегінде оны арнаулы қызмет тосып алған. Сөйтіп, «экстремизмге шақырды» деген айыппен үстінен қылмыстық іс қозғаған.

2019 жылы қазан айында бақсы полицияның қоқаң лоқысынан кейін Кремльге жорығын тоқтатқанын мәлімдеп, 13 қаңтарда қайта жалғастырған. Бірер күннен соң бақсының Мәскеуге жорығын полиция тағы да тоқтатты.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04