Бақыт Сұлтанов Даму қорының директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды
Бақыт Сұлтанов «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) хабарламасында айтылған, — деп хабарлайды «Жас Алаш» Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ (...) KASE директорлар кеңесінің 2022 жылғы 4 ақпандағы шешімі бойынша, Бақыт Сұлтанов қордың директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды", — делінген хабарламада.
Енгізілген өзгерістерге сәйкес, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының директорлар кеңесі сегіз адамнан тұрады: Бақыт Сұлтанов, Елена Бахмутова, Райымбек Баталов, Әсем Нұрғалиева, Рустам Жүрсінов, Тимур Жақсылықов, Әділ Мұхамеджанов, Гаухар Бөрібаева.
Бақыт Сұлтанов 2022 жылдың 11 қаңтарынан бастап премьер-министр лауазымына тағайындалған Әлихан Смайыловтың орнына келді.
Бақыт Сұлтанов қаңтардан бастап премьер-министрдің орынбасары — сауда және интеграция министрі болды.