Бақытбек Қадыр. САЛЮТ

11.09.2019, 14:00

13

Мен ол кісімен алғаш кафеде таныстым. Жалғыз-жалғыз отырғанбыз, ол «біргеотыруға бола ма» деп өтінді, сосын бірге отырдық. Сол кеш мәнді де мағыналыотырыс болды. Кафенің келімді-кетімді адамдары, шуы, заманауи R'n'B музыкасыкөңіл-күйге, әңгімеге әдемі әр беріп тұрды. Мен ол кісіден:

– Менің журналсит-блогер болу арманым еді, бірақ басқа оқуға грант болғансоң, амалсыз оқып жатырмын, – дегенімде – Оның еш қиындығы жоқ, кеш емес. Әліде журналист болуға болады. Мысалы сен қандай әдемі, сымбаттысың, сенен тамашатележұлдыз жасауға болды.

– Мә, рас па? Күшті ғой, – деппін.

Біз біраз отырып қалыппыз. Сыртқа шықсақ сіркелеп жаңбыр жауып тұр екен,көше шамдары самаладай жарқырып асфальтқа түседі. Ол сосын таксидің есігін аштыда сыпайы ғана жымиып визиткасын ұсынды...

Осыдан кейін жиі хат жазып, хабарласып тұрдық. Алғашқы кездерде күні-түніхат жазыстын едік. Әсіресе, түндерде ол көңілді елітетін әңгімелердің майынтамызып айтқанда, өзіне әбден баурап алатын-ды.

Екінші рет бір досының туған күніне бірге бардық. Тағы да әзілге толыкөңілді кеш болды. Кештен соң ол мені үйге дейін шығарып салған. Жол бойы түрлімузыкалардың өзі тыңдап жүрген жанрлары және атақты әншілердің аңыздарынаузының суы құрып айтумен болды. Мен де қызыға түстім. Екеуміз бір наушникпенRay Charlesдің джаз әндерін тыңдадық. Бір бірімізге қарап жымиып қоямыз.Қоштасарда ол батылдық танытты, алғаш рет сүйді. Сүйістік...

Үшінші жолы кешкі паркте жолықтық. Түн ортасына дейін сәкіде құшағымызажырамады. Оның тіптен менен біршама жас айырмасы да мені одан кері итергенжоқ. Арамыздағы құштарлық, ынтызарлық күн сайын тереңдей түсті.

Сол кезде ол романтика жасағанды жақсы көретін. Келесі жолы кездескенде біркеремет тосын сый жасайтын болды. «Тек қарсы келме» деп ескертті.

Ертесінде таңғы жетіде ол жатақхананың алдында күтіп тұр екен. Машинағаотырдық.

– Қайда барамыз?

– Сюрприз, жаным, – деп ерінімді басты.

Таңертең кептеліс аз, қала сыртына тез шықтық. Жазық дала. Тақтайдайасфальт. Radio Classikтан жол бойы Antonio Vivaldiдің шығармаларын тыңдадық.Осы кездер де біз кілең классикалық музыкалар жайлы әңгімелесетін едік. Скрипканыңсиқырлы әсем сазына балбырап ұйықтап та кетіппін. Бір оянсам, жап-жасыл таулыорман. Тұмса табиғат.

– Иоу, сен мені қайда әкеле жатырсың?

Шошып кеттім. Жүрегім бір түрлі лобылғандай.

– Сені алып қашып барам, –  дедікүліп.

Әсем табиғат көз жауыңды алып барады бір жағынан. Біресе жыным келді.

– Тоқташы!

– Не боп қалды?

– Тоқта дедім саған, – деп есікті ашпақ болдым тартқылып.

– Сюрприз.

– Мұндай сюрпризіңе рақмет!

– Қорықпа жаным, сен қорқатындай ештеңе болмайды!

– Рас па, уәде деші?, – дауысымнан діріл байқалды.

– Уәде! Жігітше!

Біразға дейін үн-түнсіз отырдық томсырайып. Сәл жүрген соң өзен жағасынакеліп тоқтадық.

– Міне, саған сюрприз!

– Кәні?

– Мына әлемнің барша сұлулығы, мың сан гүлі, бәрі-бәрі саған, жаным!

Еріксіз күліп жібердім.

Өзен жағасына шатыр тіктік. Ол мылтығымен бірдеңе атпақшы болып тоғайғакіріп еді, бірақ онысынан түк шықпады. Есесіне қаладан алып шыққан тамақ көп-тұғын.

Мен негізі суға жүзе алмайтынмын, ол сонда да қоймай өзенге лақтырыпжіберді. Сосын су шашысып ойнадық. Күні бойы шомылып, қыздырынып әбденрақаттандық. Мен судан шыққанда жұқа киімдерім денеме жабысып қалғанда ол мағанұрлана көз тастайтынын байқадым. Кейде оны өзім де әдейі еліктіре түсетінтәріздімін...

Кеш түспей қайталық деп жатқанда жаңбыр құйып кетті. Жол тайғақ жаңбырбасылсын дедік те машинада музыка тыңдап біраз отырдық. Енді жүрелік десекмашина от алмайды, әр қарады бері қарады түк шықпады.

Телефон өшіп қалған. Енді не істеміз, су киімдерімізді ауыстырып, далаға отжағып отырдық. Ол сосын машинадан гитарасын алып шықты. Илья Жақановтың лирикалықәндерін бастады сиқырлы әуенмен. Буын-буыным босап, сезімге мас қалпы оғанқұлай түскенім есімде...

… Дала түгел қараңғыланып, түн түнерді.

 

***

Иен түз қаладан едәуір алыс маң. Айдың аппақ сәулесі тұнжыр үйектегіекеуміздің жанарымызға шағылыса төгілгендей.

– Жаным, көкке жиі шығып тұрайықшы, – дедім.

–… Маған бір қызық ой келді, – деді ол сөзді басқаға бұрып.

– Қандай?

– Аспан деген алып айна емес пе екен осы?, – деді түнгі аспанға қарап.

– Мүмкін солай шығар.

– Мына жыбырлаған жұлдыздар – әне жер бетінде де толып жатыр. Әр адам өзіншебір жұлдыз. Ол жарық па, өшкін бе, білмеймін. Мысалы анау тұрған қос жұлдыз –екеуміз, – деп ол менің көзімнен сүйді.

– Екеуміз ғана десең келісем.

Ол менің көңілімді аулап, өзіне қарай қысып қояды.

– Мына ай, батып бара жатқан ай ма?, – дедім бұлттардан, биік теректердіңар жағынан зымырап бара жатқан айдың өшкін сұлбасына қарап.

– Иә бұл айды ескінің айы дейді. Ай да адам секілді, сахинадай болыптуады да толады. Әбден толып жетілгенде айдың ортасы болады, қайта ай кетілеберді де өшеді.

– Неге осы айдыңбетінде дақ бар?

– Келесі айдаңда бетінде осы дақ болады. Мәселе айдың бетіндегі дағы емес, сол айдағымаусымның қолайлығында.

– Осы ай қалайболды сеніңше?

Олкүрсініп:

– Ауарайы тымкөңілсіз болды, меніңше. Міне, жаз ортасынан асты, жаңбыр сирек жауды. Өмірімізде де көп сәтсіздіктер болды. Сосынғой көкке шығып демалғым келгені.

– Онда мына ай тезірек батып, жаңа ай тусыншы. Бәрін жаңадан бастайықшы,жаным, – дедім оған құныса түсіп.

Ол мені сүйіп, аймалағысы келді… Мен қысылыңқырап:

– Болмайдыжаным.

– Неге?

– Өзің айттыңғой «аспан деген айна» деп. Екеумізді күллі дүниекөріп отыр. Ұят емес пе?!

– Пай-пай, жүронда шатырға барайық.

Екеуіз шатырға еніп кеттік...

Шатыр ішінде оның дүк-дүк соғып алып ұшқан жүрек үлпілін, ыстық демін алғашсезіндім. Сезіндім де...

Біз бір шатырда от құшағымыз айқасып жатсақ та ештеңе бүлдірген жоқ едік,ол уәдесін бұзғысы келсе де мен оған жол бермедім.

Әйткенмен мызғымастай боп көрінген сол берік тігіс те сетінеді...

Бәрі вальстен басталды. Ол композитор Бекен Жамақаевтың ешкімге ұқсамайтынқиылы тағдырын; оның 60-70-жылдары ғашықтарды әлдилеп тербеткен атақты махаббатвальстері жайлы бір ғажап сырлы әңгіме шертіп отырған. Менің ішімде композитордыңтағыдырына деген аяшты сезім жанымды мұңға орағанымен, бойымда бір түсініксізыстық ілеп ара-гідік шарпып алатындай. Ол менің көңілімді көтергісі келді мебірден күлдіргі бір нәрселерді бастап кетті. Бөлме іші күңгірт. Ортаға балауызшам жағып қойдық. Екеуміз үстелдің екі жағында. Әзірге арамызды дәнекерлейтінештеңе жоқ-тын. Кенет ол менен вальс билейікші деп телефонынан баяу кілкігенвальс деуге келмейтін бір ән қойды. Бөлме ішінде музыка ырғағымен ып-ыстық өртқұшақта бірер минуттай тұрдық… Бойдағы қозданып келе жатқан шоққа желтигендей… Дір етіп тоқ жүргендей… Шымыр-шымыр… Терезеден төгілген айдыңкөгілжім сүт сәулесі бұрыштағы төсекке құйылып, ю-қиюы жанды арбап, тәндібауырып өзінің бозғыл бояуына сіңіріп, жұтып бара жатқан...

Біз бұдан кейін EstetikSpo қонақ үйінде жиі болатын едік. Алғашқы кездердеемен-жарқын әңгімелер айтылатын-ды. Бұл кезде bluseге қызығып жүрдік, әсіресе,B.B.Kingті сүйіп тыңдайтын едік. Кейін оның бәрі қалды. Тіптен, кейде қонақүйдің ақысын өзім төлеп, оны күтіп отыратын болдым. Ол қабағын түйіп келеді десосын сәл-пәл бір нәрселер айтқан сыңай танытады. «Жұмысын» тындырған соң әртүрлі сылтаулармен кетіп қалатын. Қонақ үйде жападан-жалғыз қалып жүрдім.

Ол кейін қатты өзгеріп кетті. Әлде біз өзгердік. Ол барған сайын ойынакелгенін істегісі келетінді шығарды… Себебін сұрасам, жұмысы ауыр боп жүрекен, шаршап жүрмін дейді.

Оның үйленген отбасылы екенін білген соң, мұның бәрі өтірік екенінтүсіндім. Бірақ ол кезде тым кеш еді...

 

***

– Жағдай осылай болды. Ұмытылмас сәттер. Офис менеджері боласың, жұмысқаалам, журналист-блогер боласың деген. Ол кезде бір телеарнада редактор болыпістейтін-ді. Ақымақпын. Есіме алғым келмейді. Ойлауға да...

– И-и, қыз сорлының күні сол ғой, – деді жұбатып. – Өкінгеннен не өнеді,болды енді жылай берме.

– Сол кеште өмірім күл-талқан болды. Нәуетек пәк қалпымнан айырылдым…Басында бір-екі неткеннен ештеңе болма қоймас деп ойладым. Және ол қалайдаалдағы жазда үйленеміз деп уәде берді. Кейін ішім білініп, біртүрлі болабастағанда дүние өзгеріп сала берді, – деп болмашы томпайған ішімді сыйпағанымесімде. – Содан жатақханадан шықтым.

Көзімнің жасын сүртіп, еңсемді тіктеп отырдым. Шолпан тәте қараторы өңіме,бетімдегі болмашы шұңқырға, сосын бар мүшемді барлай қарап отырғанын сездім.

– Енді, міне, көріп отырсыз, «бір қыз керек» депсіз, жарнама арқылы таптымсізді.

– Ал, енді не істемек ойың бар, – деді ішіме қарап Шолпан тәте.

– Ары ойланып, бері ойланып… – дедім күрсініп, – Не де болса босансам деп шештім.

– Міне, мұның дұрыс енді. Абыройыңнан айырылып бір… Екі күнәһарболғаныңша, осының оңды. Тесік моншақ жерде қалмас деген. Болмаса өзім-ақасырап алармын, – деп жылы шырай танытты. Менде жылы сөзге қуанып қалдым.

– Е-е, сіңілім, өзің бір ашық-жарқын қарағым екенсің. Осы ашық-шашықмінезіңді пайдаланып кеткен ғой, сұм еркек… – деп  жұбатты тағы да. – Мені көріп отырсың,жалғызбасты жесір әйелмін. Жағдай – мынау. – Күңгірт тартқан пәтердіңжағымсыздау сыз иісі, бұрыш-бұрыштарын өрмекші торындай ыс басқан, түгел ескіинтерьер. – Жайма сауда сатам. Сол күнделікті күн көріс қана, – деп өзтіршілігін таныстырды.

Екі мұңлық шүйіркелесе келе бір-бірімізге тез үйренісіп, апалы-сіңілідейболып кеттік.

– Ал, қыз, мен кеттім, үй өзіңдікі, еш қысылма, бірдеңе керек болсақабарлас. Жақсылап жайғасып ал, – деп тәте базарға кетті.

Заттарымды жайғастырып болып, терезеден кешкі қаланы тамашаладым. Жақынкварталдан жарқылдап, бытырлап салют атылып жатты.

 

***

Үш-төрт айдан кейін бір күні, Шолпан тәте базарға кеткен болатын. Пәтердежалғыз қалғам. Түні бойы тісім қақсап, ұйқы көрмей шықтым. Тіс бір жағынан, ішбір жағынан тәнімді ауыртса, мың батпан ойлар жанымды жегідей жеп әбденазаптап, мүжіп жіберген-ді.

– Тісім қақсап, жанымды шығарып барады, – дедім таңертеңгісін. Шолпан тәте:

– Үйбай, кыз-ау толғағың кеп тұрмаса неғылсын?

– Жоға, тәте, тіс пен толғақтың қатысы қанша?!

– Кейбір әйелдердің тісі қақсайды деп естуші едім, бір таныс акушер бареді, телефон соғайыншы, – деп еді, өзім өтірік күлімсіреп:

– Жо-жоқ, керекемес, тәте. Жай ғана ойылған тісім ғой, – деп тайқып түстім.

Ал сосын қайта-қайтадәретханаға бара берем. Есімшығып отырып-тұрып, әрі-бері жүрдім ба-ау. Тәтегетелефон соқсам ба деп бір ойладым, оған да көңілім соқпады.… Сосын іштей есептеп едім,толғағым келетін уақыт емес секілді. Бес ай… алты ай…жеті ай… Жай ғана запор боп жүрсем керек деп ойладым.Дәрігерлер де «әлі емес» деген болатын.

Тағы ішім бұрады да, дәретханаға кіріп кеттім.

Есімді бір жиғанда бір-ақ көрдім: өнебойым сауыс-сауыс тер. Қабырғағасүйеніп, тәлтіректеп тұруға тырмыстым. Унитаздың жанында қып-қызыл болғаншақалақты көріп, тұра бере жүрегім тас төбеме шығып, құлап түстім. Сақылдағантістеріммен, дірілдеген қоларым өзіме бағынбайды.

Ес-ақылым шығып, құлағым шыңылдап не істеп, не қойып жүргенімді өзім дебілмеймін. Денемнің қиналғанын да сезбей қалдым. Жылайын десем көзімде жас жоқ.

Сосын әрең-пәрең жылжып, қып-қызыл ала шақалақты көрдім. Осы сәт есіме бейкүнәнәрестенің бұлай тууына себепші оқиғаны, – ессіз кештер есіме түсті...

Нәрестені ұстап көруге кәдімгі жеркенгендей болдым. Әрі-бері түртіп байқапедім, жансыз тәрізденді. «Мүмкін өлі туған шығар...» деп бір ойладым. Себебішақалақ еш қимылдаған жоқ. Мен талып құлап жатқанда қимылдап жыламаса, есжиғалы қол басындай неме қыбыр еткен жоқ-тұғын. Әлде мен ес-түссіз жатқандашаранасына тұншығып қалды ма, беймәлім. Тіптен нәрестенің кіндігін қалай қиғанымесімде жоқ.

Жүрегім аттай тулап, ішім алай-түлей боп біраз жаттым. Сосын өз өзімдібекемдеп, соңғы күш-қуатымды бойыма жинадым. Сүлдерімді сүйрете жүріп,дәретхана ішін аздап ретке келтірдім. Содан әлгі бейкүнә нәрсені пакетке салып…Салған кезде талықсып кеттім.

Таңертеңнен күн еңкейгенге дейін болары болып бітті. Аздап әл жинап алдым. Бұрын-соңдыкөрмеген азап, төтен оқиға бәрі қосылып, өзім қатты соққы алыппын. Іште аздағантүсініксіз сезім пайда болды. Алайда, «нәресте өлі туды ма, әлде өлгенінқаладым ба? Болмашы қыбырламағанын сылтау ғып одан әрі тұншықтырдам ба?» дегеной мазалай берді...

Сосын шағын сырғымалы жолчемоданымды және пакетті алып лифтімен төмен түстім.Ауладағы қоқыс жәшігіне пакетті тастадым...

Такси де аулада күтіп тұр екен, отырдым да кеттім. Такси қозғала бере, тағыда жақын маңнан тарсылдып салют атқылып жатты… Anon.

 

 


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 18:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 21:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 21:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27