Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды
Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға және Мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рыскалиевке, ЖШС директоры Өміртай Адамовқа қатысты қылмыстық іс Атырау облыстық сотының апелляциялық алқасымен қайта қаралды.
Сот алқасының шешімімен Рысқалиев пен Адамовқа қатысты сот үкімі өзгертілді, ал Хаменоваға қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды, деп хабарлайды Жас Алаш.
Аппеляцияға дейін 2022 жылдың 15 қарашасында бұл шулы іске қатысты сот үкімі шыққан болатын. Сот үкіміне сәйкес, Бақытгүл Хаменова және Облыстық Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиев 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал «Балқыту» ЖШС директоры Өміртай Адамов 4 жылға сотталған.
Артынша, барлығы да Атырау қаласының №2 сотына апелляциялық шағым түсірді.
Сотталушылардың барлығы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Қазақстан Республикасының Президентіне Бақытгүл Хаменованы «Құрмет» орденінен айыру туралы ұсыныс енгізілді.