Бақытжан Бұқарбай қоғамдық сенім кеңесі құрамынан шығатынын мәлімдеді

20.02.2020, 16:07

6

20 ақпанда баспагер Бақытжан Бұқарбай ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамынан шығатынын мәлімдеді. Кеңестің саяси реформалар тобында жұмыс істегенін айтқан белсенді кеңестің көмегімен халық армандаған «саяси реформалар жүзеге асып қалар ма деген үмітпен мүшесі болуға келіскенін», бірақ үмітінің ақталмағанын жеткізді.

"Өкінішке қарай, министр Абаевтың ведомствосы әзірлеген «Бейбіт жиындар туралы» заң жобасы президенттің тапсырмасына сай болмай шықты және ол азаматтардың мүддесіне қайшы. Бұған дейін саяси тұтқындардың әлі күнге дейін босамағанын да айта кеткен жөн. Жанболат Мамайға партия құруда тосқауылдар жасалып жатқанын көріп жүрмін" деді Бұқарбай видеомәлімдемесінде.

Ол ұлттық кеңестің ұсыныстарына биліктің құлақ аспайтынына көзі жеткенін айтып, қоғамдық кеңесті «елдегі саяси реформаларға еш әсер ете алмайтын ұйым» деп атады.

«Халықтың мүддесіне қайшы әрекеттер мен пиғылдарды заңдастыруға араласқым келмейді» деді мәлімдеме соңында.

Бақытжан Бұқарбай — былтыр халық наразылығы жиілеген тұста жаңадан сайланған президент Қасым-Жомарт Тоқаев құрған ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамынан шыққан алғашқы адам.

Тоқаев 17 шілдеде арнайы жарлыққа қол қойып, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамы мен ережесін жариялап, өзі кеңес төрағасы болған.

2019 жылы 20 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда өткен қоғамдық сенім кеңесі жиынында Тоқаев қыркүйектегі жолдауында айтылған «саяси модернизация жасау» жайлы уәделерінен таймайтынын, Қазақстандағы «саяси өзгерістерге бастайтын» бірнеше ұсынысын жеткізген.

Қарай отырыңыз: Ұлттық кеңес үмітті ақтады ма? (20 желтоқсан 2019 жыл).

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«pangea-video» data-persistent data-persistent-browse-out> <div class=«c-mmp c-mmp--enabled c-mmp--loading c-mmp--video c-mmp--standard c-mmp--has-poster c-sticky-element__swipe-el» data-player_id="" data-title="Ұлттық сенім кеңесі жиынында не талқыланды?" data-hide-title=«False» data-breakpoint_s=«320» data-breakpoint_m=«640» data-breakpoint_l=«992» data-hlsjs-src="/Scripts/responsive/hls.b"> Ұлттық сенім кеңесі жиынында не талқыланды? please wait <video poster=«gdb.rferl.org/bf5ed681-aaae-4a6e-ab79-cb14bad15a78_tv_w250_r1.jpg» src=«rferl-vh.akamaihd.net/i/Pangeavideo/2019/12/b/bf/bf5ed681-aaae-4a6e-ab79-cb14bad15a78,_mobile,,_hq,_fullhd,.mp4.csmil/master.m3u8» data-fallbacksrc=«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/12/b/bf/bf5ed681-aaae-4a6e-ab79-cb14bad15a78.mp4» data-fallbacktype=«video/mp4» data-type=«application/x-mpegURL» data-info=«Auto» data-sources="[{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/12/b/bf/bf5ed681-aaae-4a6e-ab79-cb14bad15a78_manifest.mpd»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/12/b/bf/bf5ed681-aaae-4a6e-ab79-cb14bad15a78_manifest.mpd»,«Type»:«application/dash+xml»,«DataInfo»:«Auto»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/12/b/bf/bf5ed681-aaae-4a6e-ab79-cb14bad15a78_mobile.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/12/b/bf/bf5ed681-aaae-4a6e-ab79-cb14bad15a78_mobile.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«270p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/12/b/bf/bf5ed681-aaae-4a6e-ab79-cb14bad15a78.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/12/b/bf/bf5ed681-aaae-4a6e-ab79-cb14bad15a78.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«360p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/12/b/bf/bf5ed681-aaae-4a6e-ab79-cb14bad15a78_hq.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/12/b/bf/bf5ed681-aaae-4a6e-ab79-cb14bad15a78_hq.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«404p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/12/b/bf/bf5ed681-aaae-4a6e-ab79-cb14bad15a78_fullhd.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/12/b/bf/bf5ed681-aaae-4a6e-ab79-cb14bad15a78_fullhd.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«1080p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null}]" data-lt-on-play=«1» data-lt-url=«livetracker.rfe.pangea-cms.com/counter.lt?PageType=4&RecordId=30336380&SiteId=5&r=988285647&it=0&pd=20191220150300» webkit-playsinline=«webkit-playsinline» playsinline=«playsinline» style=«width:100%» title="Ұлттық сенім кеңесі жиынында не талқыланды?"> Get Adobe Flash Player Embed Бөлісіңіз
Ұлттық сенім кеңесі жиынында не талқыланды?
Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. <input type=«text» name=«embed_code» class=«c-mmp__input-text js-embed-code» dir=«ltr» value="" readonly /> /> width /> px height /> px /> The URL has been copied to your clipboard <input type=«text» name=«share_url» class=«c-mmp__input-text js-share-url» value=«www.azattyq.org/a/30336380.html» dir=«ltr» readonly />

No media source currently available

0:00 0:03:07 0:00 Жүктеп алу

Тоқаев айтқан «Бейбіт жиындар туралы» жаңа заң жобасы жақында қоғам талқылауына шығарылды. Қазақстандық сарапшылар үкімет әзірлеген бейбіт митинг туралы заң жобасында азаматтардың конституциялық бостандықтарын пайдалану құқығын шектейтін бұрыннан келе жатқан ережелер барын айтып сынаған еді. Ал билік жобаны әзірлегенде халықаралық тәжірибе ескерілді дейді.

Оқи отырыңыз: Митинг өткізу құқығы. Жаңа заң жобасындағы ескі шектеулер

Ресми мәліметке сәйкес, ұлттық қоғамдық сенім кеңесә мемлекеттік бағдарламалар мен заңдардың жобаларын қоғамдық сараптамадан өткізіп, жұрт пікірін ескеріп, стратегиялық мәселелерді қарап, «халық, саяси партиялар және билік арасында диалог» орнатуы тиіс.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне 44 адам мүше. Егер Бақытжан Бұқарбай құрамынан шықса, кеңесте 43 адам қалады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34