Бақытжан Сағынтаев Алматы әкімі болып тағайындалды

29.06.2019, 09:00

3

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласы әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы 28 маусымда Ақорда хабарлады.

Ақорда осыған дейін Алматы қаласын басқарған Бауыржан Байбек басқа қызметке ауысқанын мәлімдеді. Бірақ Байбектің қандай қызметке ауысқаны белгісіз.

Бақытжан Сағынтаев 2016 жылы қыркүйектен 2019 жылдың 21 ақпанына дейін Қазақстан премьер-министрі басқарған. Сол кездегі Қазақстан президенті Назарбаев 20 ақпанда Сағынтаев басқарған үкіметті «экономиканы дамыта алмады» деп сынап, отставкаға жіберген. Сағынтаевтың орнына оның бірінші орынбасары болған Асқар Мамин премьер-министр болып тағайындалған.​ Ал Бақытжан Сағынтаев президент әкімшілігінің жетекшісі​ болған.

28 маусымда Тоқаев жарлығымен Сағынтаев президент әкімшілігінің жетекшісі қызметінен босатылып, оның орнына алты жыл Қызылорда облысын басқарған Қырымбек Көшербаев келген.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34