Бақытжан Серіков. Студенттік көңіл-күй

22.10.2019, 13:55

7

Қаланың у-шукеші. Үй жанынан өткен темір тұлпардың ызыңы құлақ тұндырады. Мектепте біргеоқып, жұптары жазылмай қалаға келген, студенттіктің бал дәмін бірге татыпжатқан төрт дос дастархан басындамыз. Қала тірлігіне енді-енді ет үйренгендей.Десе де бізге бұл қарбалас, тынымсыз тіршілік біртүрлі көрінетіні жасырын емес.Алайда адам баласы үш күнде көрге де үйренеді демей ме. Күйбең тіршілікке етүйрене бастағандай. Сол күні кеште дастархан басында арқа-жарқа боп әңгімесоғып отырғанбыз. Кенет жарық сөніп қалды. Әңгімеміздің де,  отырыстың дашырқы бұзылғандай. «Бәлкім қазір жарық жанып қалар» деп,  тағыбіраз отырдық, бірақ жарық жанар емес. Қараңғы жерде не істеп, не қойғанымыздыбілмей, күн ұзағына сабақтан шаршаған жігіттер төсектеріне құлай кетті. Дастарханбасын реттеп мен де жатпақшы болдым. Қырсыққанда ұйқы шіркін келмей-аққойды. Әрі-сәрі отырғанымда есіме шкаф түбінде жатқан майшам түсті. Сипалапжүріп тауып алып үстел үстіне жағып қойдым. Майшамның маздап жанған алауынатерең үңіліп кетсем керек,  есіме ауылым, балалық шағым түсті. Ұмтылыпбарып бұрышта жатқан ескі сөмкеме жармасып ішінен ақ парақ пен қалам алдым.Шабытым оянғандай. Майшамның жанына кеп  ұзақ үңіле қарадым. Маздапжанған  от сәулесінен өзіме таныс көріністер көргендеймін. Бірден, қағазғатүсіре бастадым, әрине, өлең жолдарымен:

Жанадымайшам, 

Менде жаныпбарамын.

Қарасамотқа,

Ауылды ескеаламын,- деп шабытымаерік беріп,  жаза бастадым. Балалық шақ. Тәтті күндер. Сол күндердітопырағында аунап жатып өткізген ауылым есіме түскенде, қаламыма қанатбіткендей болды. Денем шымырлап, көзіме жас келіп, анам мен әкеме, туған жергесағынышым өлең ұйқасымен шығып жатқандай беймәлім бір күй кештім. Қараңғыбөлме. Тыныштық. Майшам. Осы үш құбылыс менің жан дүниемді елжіретіп, соқпалдайазаматты жылатады деп кім ойлаған?!

Кенет осытыныштықты тағы да темір тұлпардың ащы дауысы бұзып жіберді. Бірден өз-өзімекеліп өлеңімді аяқтадым да, әлгі туған жеріме сағынышқа толы сөздерден құралғанөлеңімді жастығымның астына сүңгітіп, жатуға ыңғайландым. Сол түні сағынышымбасылғандай, өзімнен-өзім әлгі майшамнан жылу алғандай боп тәтті ұйқыға кеттім.Ал майшам сол қалпы жанған күйінде қалыпты. Ертесіне ояна сала үстел жанынакелсем, майшам әбден жанып, езіле  еріп кетіпті. Жәй ғана жымиып, енді керекболмайтынын білсем де алған орнына апарып қойдым. Сөйтіп, тағы да қаланыңшым-шытырыққа толы лабиринтіне еніп кеттім. Кешкісін үйге келе жатып орталықбазарға соқтым, майшам алу үшін.  Я сол түннен бері майшамды жағып қойыпқараңғы бөлмеде отыруды, кітап оқуды әдетке айналдырдым. Бұның бәріне, себепші ауылыма сағынышым. Шынымды айтсам маған дәл қазір қанат жетіспейотырғандай. Шіркін, қанатым болса қазір-ақ ұшып кетердеймін. Ауылға барыптопырағына аунап, дәл бала кездердегідей кір-қожалақ болып үйге енсем, анамның"әй, жүгермек, кәне, кел мұнда!"  деп ашуланып жатқанын, әкемнің«менің батыр балама айқайлама, ол біраз жұмыс бітіріп келді» депқалжыңдағанын, әжемнің етегіне түкіріп жіберіп бетімнің сатпағын сүртіп жататынсәттерге қайта оралсам арманым болмас еді. 

Иә, олкүндердің оралмасы анық. Алайда, қиял мен арманға тұсау бар ма, шіркін!Осылайша күн сайын майшамға ынтыға қарап тәтті сезімге берілетін болдым. Алтаңертең ештеңе болмағандай, қалаға әбден еті сіңген кісіше галстугімді тағыпсабаққа кетемін.


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 18:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 21:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 21:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34